• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
20 Қыркүйек, 2013

Қазақстан және әлемдік көрме

440 рет
көрсетілді

Көрме

Жұмыс бабындағы сапардан көп нәрсе көңілге тоқылды

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары – ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің комиссары Рәпіл Жошыбаевтың Гонконг және Макао арнайы әкімшілік аймақтарына (АӘА) сапары болып өтті, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.

Сапар барысында Гонконг­тың экономикалық даму және сауда бойынша хатшы­сы (министрі) Грегори Сомен келіссөздер жүргізілді. Р.Жо­шы­баев қабылдаушы тарапты Қазақстанның халықаралық бастамаларымен таныстырды. Тараптар Қазақстан–Гонконг ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен келешегі бойынша пікір алмасты. Инвестициялық қарым-қатынас басым бағыттар қатарында атап өтілді.

Көрме

Жұмыс бабындағы сапардан көп нәрсе көңілге тоқылды

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары – ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің комиссары Рәпіл Жошыбаевтың Гонконг және Макао арнайы әкімшілік аймақтарына (АӘА) сапары болып өтті, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.

Сапар барысында Гонконг­тың экономикалық даму және сауда бойынша хатшы­сы (министрі) Грегори Сомен келіссөздер жүргізілді. Р.Жо­шы­баев қабылдаушы тарапты Қазақстанның халықаралық бастамаларымен таныстырды. Тараптар Қазақстан–Гонконг ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен келешегі бойынша пікір алмасты. Инвестициялық қарым-қатынас басым бағыттар қатарында атап өтілді.

Сонымен қатар, Гонконг АӘА-ға сапар аясында іскер топтардың қатысуымен Гонконгтың Сауданы дамыту бойынша кеңесінің дөңгелек үстелі ұйымдастырылды. Тараптар Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесін ұйымдастыру бойынша жобаларды жүзеге асыруға Гонконг компанияларының қатысу мүмкіндігін қарастырды.

Р.Жошыбаев бастаған Қазақстан делегациясы Туризм бойынша «Макао-2013» әлемдік экономикалық форум жұмысына да қатысты. Іс-шара тақырыбы «Экономиканы жандандыру: саяхат пен туризм салаларына инвес­тиция» деп аталды. Форум саяхат пен туризм салаларына келетін инвестиция, сондай-ақ әлемдік экономиканың қазіргі жағдайын, экономикалық дамуына қолдау көрсетудің өзекті мәселелерін талқылауды көздейді.

Форумға ҚХР-дың белгілі саяси қайраткерлері мен ғалымдары, мүше елдердің туризм саласындағы мемлекеттік органдарының, халықаралық туристік компаниялар мен ұйымдарының басшылары, оның ішінде Дүниежүзілік туристік ұйымының бас хатшысы (UNWTO) Талеб Рифай, Азия және Тынық мұхит елдері Туристік ассоциациясының төрағасы (PATA) Жоао Антунес, Әлемдік саяхат пен туризм кеңесінің төрағасы (WTTC) Майкл Френзель және басқалар қатысты.

Форум аясында Р.Жошы­баев­тың Макао АӘА-ның басшысы Чуй Сай Онмен кездесуі өтті. Кездесу барысында екі­жақты ынтымақтастық, Қа­зақстан мен Макао арасында тікелей әуе қатынасын ашу­ мәселелері талқыланды. Со­нымен қатар, Камбоджа, Ин­донезия, Португалия және Вьетнам елдерінің туризм министрлерімен келіссөздер өтті. Р.Жошыбаев әңгімелесуші тараптарды сауда-экономикалық және туристік салаларда өзара тиімді, тығыз ынтымақтастық орнату мақсатында Қазақстанға шақырды.

Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың бастамасымен 2017 жыл Қытай туризмінің Қазақстандағы жылы болып жарияланған болатын. Осыған орай, қазақстандық тараптың бастамасымен Қазақстанның туристік мүмкіндіктерімен таныстыру және ЭКСПО-2017 көрмесінің тақырыбын ілгерілету мақсатында келесі жылы әлемдік форумның беделді алаңын пайдалану мәселелерін пысықтауға қол жеткізілді.

Қазақстан және әлемдік көрме

ХІХ ғасырдағы өнеркәсіп революциясы, сол кезеңдегі адамзаттың романтикалық болашаққа, техникалық өркениетке ұмтылған алдыңғы қатарлы өкілдерінің ақыл-ойы дүниеге бүкіләлемдік жетістіктер көрмесі идеясын әкелді. Міне, содан бері өткен 160 жылдан астам уақыттан бері әлемнің дамыған мемлекеттері бүкіл дүние жүзіне қоғамдық маңызы бар салалардағы өздерінің қол жеткізген жетістіктерін паш етіп, басқалардың шыққан биігімен салыстырып, бағалауды дәстүрге айналдырып келеді. Дүниежүзілік өркениет шоғырында өзінің лайықты орнына батыл қа дам басқан Қазақстан 1997 жылдан бері осы халықаралық көрмелер қозғалысының мүшесі болса, 2005 жылдан бастап оның белсенді қатысушыларының қатарынан көрінді. Ал өткен жылы әлемнің 160 мемлекеті бақ сынаған бәсекеде топ жарып, 2017 жылы Бүкіләлемдік ЭКСПО көрмесін Астанада өткізу құрметін жеңіп алды.

 

«ЭКСПО-2005, Аичи»: Табиғат кемеңгерлігі

Дүние жүзінің барлық мемлекеттері өздерінің жетістіктерін саралайтын бұл дәстүр ЭКСПО Бүкіләлемдік көрмесі деген атауға ие болды. Осындай аса зор ауқымдағы көрме ұйымдастыру сол көрме өтетін ел үшін ғана емес, Бүкіләлемдік дәрежедегі ерекше оқиғаға айналды. Бұл көрмелерде адамзат ақыл-ойының озық нәтижелерінің тұсауы кесілуде. Мәселен, 1878 жылы Парижде өткен Бүкіләлемдік көрмеде Томас Эдисон тарихта мегафон және фонографтың тұсауын кессе, 1889 жылы өткен көрмеде өнертапқыш Густав Эйфельдің мұнарасы салынып, көрмеге келушілерді таң-тамаша қалдырды. Бүгінде Эйфель мұнарасы Париждің символына айналған.

1928 жылы ЭКСПО Бүкіләлемдік көрмесін өткізуді ұйымдастыру, бақылау және реттеу мақсатында Халықаралық көрмелер бюросы (ХКБ) ашылды. Бүгінде ХКБ құрамына әлемнің аса беделді де белгілі 160 халықаралық ұйымын топтастырған дүние жүзінің ең беделді халықаралық ұйымына айналып отыр. Бүкіләлемдік көрме бүкіл әлемдік қауымдастықтың мүдделері тоғысатын инновациялық және жаһандық диалогтар орталығына айналды. Жоғарыда атап көрсеткеніміздей, Қазақстан 16 жылдан бері осы халықаралық беделді ұйымның мүшесі болумен қатар, 2005 жылдан бері қарай өткізілген барлық Халықаралық көрмелердің тұрақты қатысушысы болып келеді.

Бүкіләлемдік жетістіктер көрмесінде Қазақстанның көк байрағы алғаш рет 2005 жылғы 25 наурыз бен 25 қыркүйек аралығында Жапонияның Аичи префектурасында өткен көрмеде желбіреді. ЭКСПО-2005 көрмесінің қалашығы Жапонияның Токио және Осаки қалаларынан кейінгі үшінші ірі өнеркәсіптік орталығы болып саналатын Нагоя қаласының маңындағы биіктікте бой көтеріп, Нагакута, Тойото және Сето қалаларында орналасты. ХХІ ғасырда өткізілген бұл бірінші Бүкіләлемдік көрме болды. «Табиғат кемеңгерлігі» ұранымен өткізілген бұл көрменің негізгі мақсаты техногендік заманның ең жаңа технологияларының қоршаған ортаны қорғауға тигізетін игі ықпалын көрсету болды.

Көрменің ең басты аймақтары «Адам және табиғат арасындағы жаңа қарым-қатынас» және «Мәдениетаралық ұлы симфония» деп аталды. 170 гектар жерді алып жатқан бірінші аймақ Нагоя қаласының шығыс жағындағы биіктікке қоныс тепті. Ол 2 жеке аймаққа бөлініп, бұл аймақтар өзара аспалы жолдармен байланыс жасайтын болды. Бүкіләлемдік көрменің негізгі шаралары өткізілетін аймақ 157 гектар жерге созылып, Нагакута қаласында қоныс тепсе, 15 гектарға созылған екінші аймақ Сето қаласында қоныс тепті. Негізінен табиғаттың ерекшеліктеріне басымдық берілген екінші аймақта туристердің тірі табиғатпен етене араласуына барлық жағдай жасалды.

185 күнге созылған Жапониядағы «ЭКСПО-2005, Аичи» көрмесінде Қазақстан алғаш рет өзінің экспозицияларын қойды. Көрмедегі Қазақстан экспозициялары екі қабатты стенд тақталардан, ұлттық киіз үй және басқа мұражай жәдігерлерінен құралды. Бүкіләлемдік көрмеге қойылған Қазақстан жәдігерлері халқымыздың ұлттық мәдениеті, салт-дәстүрі және қолөнері туралы мол мағлұмат беріп, көрмені тамашалауға келген туристерге Қазақстанды жан-жақты таныстыруға жағдай жасады.

Бүкіләлемдік көрме алаңдары табиғат аясындағы ашық сахналарды елестетеді. Бұл сахналарда көрме өткен 185 күн бойы спектакльдер мен сахналық қойылымдар көрсетіліп тұрды. Ашық аспан астында қанат жайған сахналардағы спектакльдер арнайы жасалған зор экрандар арқылы көрсетілді. Осы экрандар арқылы жүргізілген трансляциялар бүкіл дүние жүзіне тарап жатты.

Жапонияның Аичи префектурасында өткен ХХІ ғасырдың алғашқы Халықаралық көрмесіне әлемнің 125 мемлекеті және 4 халықаралық ұйымдары қатысты. «ЭКСПО-2005, Аичи» көрмесінің жалауы жарты жыл бойы желбіреп тұрды. Осы кезеңде бұл көрмені 22 миллионнан астам туристер тамашалады. Қазақстанның Бүкіләлемдік жетістіктер көрмесіне қатысу дәстүрі бұдан кейін Испания Корольдігіндегі «ЭКСПО-2008, Сарагосада», Қытай Халық Республикасындағы «ЭКСПО-2010, Шанхайда», Оңтүстік Кореядағы «ЭКСПО-2012, Есуда» жалғасын тапты.

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан».

Суреттерде: Жапонияда өткен «ЭКСПО-2005, Аичи» Бүкіләлемдік көр

Соңғы жаңалықтар