Теңіз кенішінде бір апта болып оралған Атырау облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Темірбек Мұсағалиевтың айтуынша, күн сайын кемінде бес адамнан қауіпті індет табылып жатыр.
– Дегенмен, жағдай бақылауға алынды. Теңіз кенішіндегі инфекция ошақтарын ауыздықтау, залалсыздандыру бағытындағы жұмыстар жедел жүргізілуде. Жұмысшыларды шығару жоспар бойынша әрі белгіленген алгоритмге сәйкес жүріп жатыр. Ұшақтарды, автобустарды тұрақты залалсыздандыру, адамдарды шахматтық үлгіде орналастыру сияқты шаралар індетті жұқтырып алу қаупін төмендетуде, -деді Темірбек Мұсағалиев.