• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Президент 02 Мамыр, 2020

Президент Мақтааралдағы зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетуді тапсырды

242 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетуді тапсырды. Бұл туралы ол Twitter парақшасында жазды.

- Өзбекстандағы су қоймасы бөгетінің бұзылу салдарынан Түркістан обл. Жеңіс және Жаңа тұрмыс ауылдарын су басты. Бүгін Премьер-Министр А.Мамин мен облыс әкімі Ө.Шөкеев ауыл тұрғындарын эвакуациялау бойынша қабылданған шаралар туралы баяндады. Зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетуді тапсырдым, - деп жазды Президент Twitter парақшасында.