• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
20 Қыркүйек, 2013

Тақырыптық жоспар қабылданды

274 рет
көрсетілді

Кеше Ақордада Мемлекеттік хатшы Марат Тәжин Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы» Жолдауын іске асыру аясында тақырыптық зерттеулер ұйымдастыру жөніндегі Ведомствоаралық жұмыс тобының екінші отырысын өткізді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Бұдан бұрын 2013 жылғы сәуір айында өткен отырыстан кейінгі кезеңде бірқатар іс-шаралар іске асырылды.

Біріншіден, ғылыми және кон­салтингтік зерттеулерге ар­налған мемлекеттік тапсырыс­ негізге алынған Президент Әкім­шілігінің Тақырыптық жоспары қабылданды.

Екіншіден, Үкімет зерттеу жүйесінің ашықтығы мен тиім­ді­лігін арттыру, оның ішінде мем­лекеттік емес талдамалық құры­лымдарды тарту шараларын қа­былдады.

Үшіншіден, сарапшыларды қолдау жұмыстары кеңейтілді. БАҚ-пен жұмыс жасау үшін сарапшылар тобы құрылды. Өңірлерде зерттеу және диссертациялық жоспарларды түзету үшін өңірлік семинарлар жоспарланды.

Осылайша, кеңесте «Қазақ­стан-2050» Стратегиясының 100 жаңа термині» атты жаңа сая­си терминология сөздігінің жо­басы талқыланды. Сөздікте «Қазақстан-2050» Стратегиясында келтірілген терминдер мен ұғым­дарға толық түсініктеме беріледі. Бұл соңғы 15 жылдағы алғашқы ірі терминологиялық басылым болмақ.

Кеңес аясында құрамына елорданың жетекші ғалымдары кіретін Астана клубын құру мәселесі де талқыланды.

Соңғы жаңалықтар