Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым нысандарының құрылысына 3,2 млрд теңге бөлінді. Бұл қаржы 10 нысан құрылысына бағытталады. Ағымдағы жылдың 1-ші тоқсанының қорытындысы бойынша жоспарланған 402,6 млн теңге толықтай игерілді.
Өңірде пайдалануға беріліп жатқан тұрғын үйлердің 50%-ға жуық көлемі көпқабатты коммерциялық тұрғын үйлер болып табылады.
Маңғыстау облысы әкімдігінің берген мәліметіне сүйенсек, әкімдік тарапынан облыс орталығының бас жоспарына сәйкес жаңа аумақтарын инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмыстары кезең-кезеңімен іске асырылуда.