Бұдан бірнеше жыл бұрын Әйтеке би ауданы бірыңғай ауыл шаруашылығымен айналысатын еді. Ауданның үстімен «Хромтау – Алтынсарин» темір жолының және қатты жамылғылы күре жолдың өтуі өңір өміріне біраз өзгерістер әкелді. Сондай-ақ, жаңа кен орындары ашылып, ірі кәсіпорындар салына бастады. Шағын және орта бизнестің дамуы да аудан экономикасының нығаюына ықпал етуде.
Инвестициялар тартылуы – ілгерілеу кепілі
Ауданға 2013 жылдың қаңтар-тамыз айларында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 1650,6 миллион теңге құрады. Бұл – өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,8 пайызға артық деген сөз.
Бұдан бірнеше жыл бұрын Әйтеке би ауданы бірыңғай ауыл шаруашылығымен айналысатын еді. Ауданның үстімен «Хромтау – Алтынсарин» темір жолының және қатты жамылғылы күре жолдың өтуі өңір өміріне біраз өзгерістер әкелді. Сондай-ақ, жаңа кен орындары ашылып, ірі кәсіпорындар салына бастады. Шағын және орта бизнестің дамуы да аудан экономикасының нығаюына ықпал етуде.
Инвестициялар тартылуы – ілгерілеу кепілі
Ауданға 2013 жылдың қаңтар-тамыз айларында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 1650,6 миллион теңге құрады. Бұл – өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,8 пайызға артық деген сөз.
Аудан аумағында жұмыс істеуге ірі инвесторлар келе бастады. Олардың арасында «КазКупер» ЖШС Бенқала мыс кен орнын игеруге құлшына кірісті. Компания осы кен орнында қайталама мыс кенін өңдейтін және катодтық мыс өндіретін кешенді жобалауға кірісіп, оның құрылысын 2011 жылы бастады. Қазір кәсіпорын жұмыс істеп тұр. 2012 жылы тамыз-қараша айларында 694 тонна катодтық мыс өндірсе, биылғы мамыр-шілде айларында бұл көрсеткіш 652 тоннаны құрады. Кешеннің жобалық қуаты алғашқы кезеңінде жылына 7 мың тонна катодтық мыс шығаруға мүмкіндік береді. Жалпы, бұл жобаның қуатын жылына 25 мың тонна катодтық мыс шығаруға дейін арттыруға бағыт ұсталуда. Бенқала кен орнын дамыту жобасы бойынша инвестициялар 90,8 миллион АҚШ долларын құрайды. Жоба 4 жылда өзін өзі өтейді деп күтілуде. Сондай-ақ, аудан аумағында жұмыс істейтін «Текшетас» ЖШС жылына 1 миллион тонна алты маркалы қиыршық тас шығарады. Бұл кәсіпорын өз өңірімізден басқа Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарына өнімдерін өткізеді. Кәсіпорынға кірме теміржолды, карьерге баратын жолды салды, жергілікті бірталай адамды жұмыспен қамтып отыр. «Вертикс Холдинг» компаниясы Сұлукөл ауылдық округі аумағында темір кенін өндірумен айналыспақшы. Осында жұмысшылар қалашығын, кен аршу карьері құрылысын бастаған, ұсату қондырғысын орнатуды қолға алған. Болашақта Қарашатаудан никель-кобальт, Союзныйдан каолин кені ашылады. Қазір жұмыстарын бастаған компаниялардың есебінен аудан бюджетіне түсетін салық екі есеге дейін өсіп отырған көрінеді. Ал, болашақта ашылатын кәсіпорындар пайдалануға берілгенде оның көлемі бұдан да арта түседі. Бұл әлеуметтік мәселелерді шешуге де ықпал ететін болады. Сондықтан да осы кәсіпорындарға қатысты құжаттарды жасақтауды аудан әкімдігі айрықша назарда ұстап, мүмкіндігінше тездетудің жолын қарастырып келеді екен. Бұл аудан әкімі Аманғали Бердалинмен болған кездесуде кеңінен әңгіме болып, болашағы зор жобалардың көбейе түсетініне дәлел ретінде келтірілді. Көп жылдар «Қарабұтақ» ЖШС-ін басқарған азаматқа өңірдің ертеңін айқындайтын жобалар бұрыннан белгілі екені сөзсіз. Сондықтан да ертеңгі күндердің еншісіндегі шаруалардың қайтарымдылығына бек сенімді.
Халық кәсіпкерлікке бет бұруда
Аудандық кәсіпкерлік бөлімінің жетекшісі Алтынгүл Доданова шағын және орта бизнестің дамуы елді мекендердің сыртқы сәулетіне де, келбетіне де өзгерістер әкелгенін алға тарта сөйледі. Жаңа кәсіпкерлік нысандары көптеп салынып жатқанын тілге тиек ете келіп бірқатарын көзбе-көз көріп, танысуға ұсыныс жасады. Алғашқы болып жеке кәсіпкер Лиза Ідірісованың «Мөлдір» мейрамханасына атбасын тіредік. 300 орындық мейрамхананы кеңейтуге «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 30,0 миллион теңге қаржылай несие алған. Қазір жұмыстың 90 пайызы атқарылған. Мұндағы сауда орталығында да 50 адам еңбек етеді. Жаздай киіз үй тігіп, қымызхана ашқан. Осы ғимараттың жанынан шаштараз ашуды шешкен Бибігүл Көккөзова ға және 300 орындық мейрамхана салып жатқан А.Дабыловқа 3,0 миллион теңге бөлінген. Электр, су және кәріз жүргізіліп, қолдау көрсетілген. Бұған қосымша 50,0 миллион теңге өз қаражаттары жұмсалуда.
Әйтеке би ауданының орталығы Комсомол ауылында бұрындары алқа-салқа болып тұратын ғимараттарды жеке кәсіпкерлер алып, кәдеге жаратуда. Жаңадан салып жатқандары да жетерлік. Солардың бірі Ақтөбе қаласынан келіп осы заманғы азық-түлік супермаркетін тұрғызып жатқан жеке кәсіпкер Рысты Айтмағамбетова деу орынды. Екі қабатты заманауи супермаркеттің құрылысына 60 миллион теңге өз қаражатын салыпты. Бағдарлама бойынша 3 миллион теңгеге коммуникациялық инфрақұрылым жүргізіліп берілген. 3 миллион теңгеге қондырғылар әкелініп, орнатылуда. Мұнда 30 адам жұмыс істейтін болады. Кәсіпкерлер «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасына белсенді қатысуда. Олар әлі аудан орталығына газ келе қоймағанына қарамастан, қызмет көрсету нысандарын салуға жер телімдерін алып, заман талабына сай мейрамханалар, дәмханалар, қонақүйлер, шаштараздар салуға қазірдің өзінде кірісіп кеткен. Тек биыл пайдалануға берілетін кәсіпкерлік нысандарында 160 жаңа жұмыс орны ашылатын болады. 2012-2013 жылдары ғана жергілікті кәсіпкерлер аудан экономикасына 188 миллион теңге инвестиция салыпты. Аудан орталығындағы кәсіпкерлердің бастамалары ауылдық жерлерде де қолдауға ие болуда. «Құмқұдық» ЖШС шаруашылық орталығында дәмхана және қонақүй салып жатса, Әйке ауылында жеке кәсіпкерлер супермаркет, кір жуатын орын, дүкен құрылысын қолға алған. Ауданда кәсіпкерліктің дамуына «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» транзиттік көлік дәлізінің де ықпалы зор. Халықаралық күре жолда сервистік нысандар салу қолға алынып жатыр. Оған Қарабұтақ ауылы маңында салынатын «Гелиос» жанармай бекетін, Балтық маңы елдерінен келіп, сервистік нысан салуға жер телімін алған «Легион-Транссервис» компаниясын қосуға болады.
– Биыл аудандағы шағын және орта бизнестің жағдайын талдай келе кейбір кәсіпкерлік нысандарының қағаз жүзінде ғана екеніне көз жеткіздік. Оларға берілген жер телімдері қайтарылып алынды. Алайда, шағын және орта бизнес нысандары кеми қойған жоқ, жұмысшылар саны да қысқарған емес. Ауданда үстіміздегі жылдың жеті айында тіркелген орта және шағын кәсіпкерлік саны 834-ке жетті. Олар аудан бойынша 2169 миллион теңгенің өнімдерін өндірді. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 115,0 пайыз құрайды, –дейді Алтынгүл Доданова.
«Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасына бес жоба ұсынылған. Соның үшеуі қолдауға ие болып, қаржыландырылған. Оның бірі катодтық мыс өндіретін «КазКупер» ЖШС «Жинақ банкінен» 4 миллиард теңге несиеге қол жеткізген. Ал жеке кәсіпкер Нұржанов өз бизнесін дамытуға «БТА» банкі арқылы берілген 9,0 миллион теңге несиеге автобус сатып алып, Қарабұтақ ауылының тұрғындарын тасымалдаумен айналысатын болды. «Айман» шаруа қожалығының жетекшісі К. Ділмұхамбетова мал өсіруге «Халық банкі» АҚ арқылы 5,0 миллион теңге несие алған.
Кәсіпкерлердің барлық бастамалары аудандық әкімдіктен қолдау тауып келеді. «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында жаңа нысандарға тиісті инфрақұрылымдар тартылуда. Анағұрлым жауапты кәсіпкерлерге аудандық әкімдік жеңілдетілген несие алуға көмектеседі.
– Өңірде шағын және орта бизнестің қарқынды дамуы нарықты тұрғындарға қажетті тауарлармен және тұрмыстық қызметтермен толтыруға, бәсекелестік ортаны қалыптастыруға, жұмыссыздық деңгейін төмендетуге, бюджетке салықтық түсімдердің молырақ түсуіне алғышарт жасауда. Жұмыссыздық деңгейі 0,2 пайызға дейін кеміді, – дейді Әйтеке би ауданының әкімі Аманғали Бердалин.
Жатақхана қайта жарақтандырылуда
Комсомол ауылында тоқсаныншы жылдары ашылған кәсіптік-техникалық училище механизатор кадрларын даярлап, сол кездегі кеңшарларды кадрлармен қамтамасыз етіп келген болатын. Кейін кәсіптік мектеп, лицей атанды, қазір колледж болды. Былтырға дейін көпсалалы колледжде он екі мамандыққа оқытылып келсе, биыл оқу жылында газ слесарлығына 50 бала қабылданды. Жалпы, колледж түлектерінің 90 пайызы жұмысқа орналасыпты.
Кезінде осы оқу орнына қараған жатақхана иесіз азып-тозып тұрған-ды. Колледж басшылығы мен аудандық әкімдік ескі жатақхананы қайта жарақтандыруды «Жұмыспен қа