• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қоғам 04 Мамыр, 2020

Вирус-ойыншық балаларды сақтандырады

348 рет
көрсетілді

Карантин талабы күшейтілгеніне қарамастан, қаладағы аулаларда, ойын алаңдарында балалардың ойнауы жалғасуда. Сондықтан ата-аналарға ой салу үшін коронавирус түріндегі қуыршақтар қолданылып отыр.

– Балалардың денсаулығын сақтау үшін осындай тәсіл арқылы ата-аналарды ойландыруды жөн көрдік. Өйткені қауіпті инфекция балалармен бірге аулада «ойнап жүруі» мүмкін. Балалар даладан жұқтырып, үйге алып келуі ықтимал. Балалардың шоғырланған жеріне коронавирус кейпіндегі қуыршақтар барады, – дейді Атырау облыстық Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының директоры Берік Жәменов.

Балалардың кейбірі коронавирус кейпіндегі қуыршақты тосырқап қаш­қақтайды. Ал кейбірі елігіп ой­нағысы келеді. Сол кезде дауыс зо­райт­қыш іске қосылады.

– «Құрметті ата-аналар, балал­ары­ңыздың тағдырымен ойнамаңыздар. Оларды қауіп-қатерге итермеңіздер. Одан да балаларға қорған болып, қор­ғаныңыздар. Коронавирус індеті әлемде талай баланың ажалына ай­налды. Көзге көрінбейтін қатер жаныңызда жүруі әбден мүмкін. Балаңыз коронавирустың келесі құрбанына айналмасына кім кепіл?! Карантин – далада ойнайтын емес, үйде қауіпсіздікті ойлайтын уақыт. Балаларыңыздың, отбасыңыздың амандығы үшін үйде отырыңыз, үйде ойнаңыз. Карантин біткенше шыдаңыз. Бұл – сіздердің қауіпсіздіктеріңіз үшін жасалған шешім. Тәртіпке бағынып, сабырлы болыңыздар» деген сөздер естіледі, – дейді Берік Жәменов.

Ұйымдастырушылар осындай тәсіл арқылы ата-аналарды ойландыратынына сенеді.

 

АТЫРАУ