• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 04 Мамыр, 2020

Әскери қызметке шақыру мерзімі тамызға ауыстырылды

840 рет
көрсетілді

Бұл туралы ҚР Қарулы күштері Бас штабының ұйымдастыру, жұмылдыру жұмыстары департаментінің басшысы Сәкен Жүсіпов хабарлады.

«Әскери қызмет және қызметшілердің мәртебесі туралы ҚР заңына сәйкес Қарулы күштердің жауынгерлік әзірлігін қолдау мақсатында Төтенше жағдай кезінде 2019 жылдың көктемінде әскерге шақырылған мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару уақытша тоқтатылды. Запасқа шығарылғанға дейін осы әскери қызметшілерді киім-кешекпен, азық-түлікпен, қаржы және медициналық қамтамасыз ету тәртібі сақталады. Сонымен қатар, барлық өңірде әскери шақыру және медициналық комиссиялардың жұмыстары тоқтатылды. Осыған байланысты Мемлекет басшысы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру мерзімдерін 2020 жылғы маусымнан тамызға ауыстыру туралы Жарлыққа қол қойды. Жарлықта азаматтарды әскерге шақырудың бұдан бұрын бекітілген мерзімін ағымдағы жылдың маусымынан тамызға дейін ұзарту көзделеді», - деді С. Жүсіпов.

Оның айтуынша, азаматтарды әскерге шақыру ТЖ режимі алынғаннан кейін қайта жүргізіледі және 31 тамызға дейін ұзартылады. 2019 жылы көктемде әскерге шақырылған әскери қызметшілерді запасқа шығару ТЖ режимі алынған жағдайда ағымдағы жылдың 30 маусымына дейін жүргізіледі.

«Елімізде ТЖ енгізген сәттен бастап, Қарулы күштер әртүрлі міндеттерді белсене атқаруда. Бүгінгі таңда 9500 әскери қызметші патрульдеуді, дезинфекциялауды және басқа да міндеттерді іске асыруда. Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген, мерзімді қызмет әскери қызметшілерін запасқа шығаруды тоқтата тұру және азаматтарды әскерге шақыру мерзімін ауыстыру туралы шешім біздің мемлекетіміздің тарихында алғаш рет қабылданып отыр. Азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Орын алған жағдайға түсіністікпен қарауды сұраймыз», - деді Сәкен Жүсіпов.