• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Мамыр, 2020

Жамбыл облысынан Мақтарал тұрғындарына гуманитарлық көмек жіберілді

436 рет
көрсетілді

Апат айтып келмейді. Жуырда ғана, яғни 2 мамыр күні көрші Түркістан облысы, Мақтаарал ауданының шекарасындағы орталық коллектордан су жайылып, орын алған төтенше жағдай салдарынан бірнеше елдімекен су астында қалған еді.

Аталған мәселеге қатысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті басшыларға нақты тапсырмалар берген болатын. Бұл орайда Жамбыл облысының әкімдігі Түркістан облысы, Мақтарал ауданының тұрғындарына, жалпы аталған өңірдің су басқан аймақтарына гуманитарлық көмек көрсетті. Азық-түлік және тұрғындар үшін қажетті тауарлар тиелген жүк көліктері көрші облысқа аттанды.

«Жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен 30 тонна азық-түлік өнімдері жиналды. Оның ішінде 10 тонна ұн мен күріш, 5 тонна қант, 2 тонна макарон және өсімдік майы, 1 тонна қарақұмық бар. Сонымен қатар, қиын жағдайға тап болған азаматтарға арналған гуманитарлық көмекке 10 мыңға жуық тауар түрлері, атап айтсақ, аяқ-киім, футболкалар, жейделер, шалбарлар, балалар киімдері, төсек-орын жабдықтары және басқа да заттар жиналды», дейді Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Нұржан Календеров.

 

Жамбыл облысы