• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
20 Қыркүйек, 2013

Шекаралық іздестіру оң нәтиже берді

406 рет
көрсетілді

Ресеймен шекаралас аймақта қазақстандық шекарашылар жылқыларды заңсыз айдап өтудің жолын кесті, деп хабарлады ҚР ҰҚК ШҚ-ның баспасөз қызметі.

Ресеймен шекаралас аймақта қазақстандық шекарашылар жылқыларды заңсыз айдап өтудің жолын кесті, деп хабарлады ҚР ҰҚК ШҚ-ның баспасөз қызметі.

Бұдан бір күн бұрын шекара отрядына Ресей Федерациясындағы әріптестерден 100 бас жылқының ұрланғандығы туралы ақпарат келіп түскен-ді. Нақтырақ айт­қанда, мемлекеттік шекарадан 40 шақырым жерде орналасқан Новопесчаное (РФ) елді мекені маңында белгісіз адамдар бақ­ташы­лар­дың қол-аяғын байлап, бой таса­лаған­дығы белгілі болатын.

Алдын-ала деректер бойын­ша, жылқы ұрлаушылардың мақ­са­­ты ірі қараны Қазақстан Рес­пуб­ли­касының аумағына айдап өту болған.

Қазақстан мен Ресей шекара ведомстволары арасындағы өзара ынтымақтастық келісімі негізінде оқиға болған аумаққа Павлодар шекара отрядының «Жетісу», «Арлан» заставаларының үш бірдей шекара наряды жіберілді.

Іздестіру шаралары барысында тосқауылдар қойылып, Ека­те­рин­о­славка, Галицкое, Сос­нов­ка секілді елді мекендерде қазақ­стандық шекарашылар қызметтік иттердің көмегімен жұмыс істеді.

Көп ұзамай нәтижесі де кө­рі­нді – 80-ге жуық жылқы мем­лекеттік шекарадан 50-60 шақы­рым жердегі Сосновка (Қазақ­стан) елдімекенінің маңайы­нан табылды, оларды құра­мында «Жетісу» шекара заставасының бастығы аға лейтенант Азамат Сайранбаев, аға техник Аманкелді Найманов, ефрейтор Жәнібек Сыздықовтан құралған топ анықтады.

Қазіргі уақытта, жылқы­ларды заңды иелеріне қайта­ру мақсатында ресейлік әріп­тес­термен кездесу шарасын өткізу жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар