• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Мамыр, 2020

Маңғыстау: ГМ-172/6 мекемесі қызметкерлері аз қамтылған отбасыларға көмек қолын созды

388 рет
көрсетілді

Жаза басқанды жазалау ғана емес, түзету  маңызды іс. Ізгі істер ұйымдастырудан Ақтау қаласындағы ҚР Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару комитетіне қарасты ГМ-172/6 түзету мекемесі сырт қалып жүрген жоқ. Олар, яғни аталған мекеменің қызметкерлері  «Біз біргеміз» акциясы аясында әлеуметтік жағынан аз қамтылған көп балалы отбасыларға көмек қолын созып, азық-түлік түрлерін сыйға тартты.

Бұл отбасылар Маңғыстау облысы бойынша қылмыстық-атқару Департаменті жүйесінің волонтерлік қолдауды қажет ететіндер тізіміне енгендер болып табылады. Қиын кезде қолдауды аса қажет етіп отырған отбасыларға мекеме қызметкерлері азық-түлікпен бірге төтенше жағдай кезінде қажетті залалсыздандыру жабдықтарын тарту етті.

-Қылмыстық-атқару жүйесі Департаменті қызметкерлері қашанда халықпен бірге. Әсіресе, ел ішіне індет тараған қиын шақта халыққа қолдау көрсетіп, жанынан табылу – мақсат. Бүгінгі акция департаменттің волонтерлік бағдарламасы аясында жүзеге асты, бірақ мұнымен тоқтап қалмай жалғасын таба беретін болады, деп хабарлады Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаменті баспасөз қызметі өз хабарламасында.