• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Мамыр, 2020

Шымкентте әкімшілік жауаптан жалтармақ болған жігіт полицейге пара бермек болған

272 рет
көрсетілді

Шымкентте пара ұсынған жігіттің әрекеті әшкереленді. 23 жастағы ер адам ӘҚБтК-нің 476-бабы бойынша (төтенше жағдай режимін бұзу) әкімшілік жауапқа тартпауын сұрап Абай аудандық Полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімі басшысының орынбасары Нұрлан Нарымбетовке пара ретінде 15 000 теңге ұсынған.

Полиция қызметкері бұл жайт туралы Шымкент қаласы ПД-нің өзіндік қауіпсіздік басқармасына хабарлап, полицейлер пара берушіні ақша беру үстінде ұстады.

Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 367-бабының 1-бөлігінде (пара беру) көзделген қылмыс белгілері бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген.

 

Шымкент