• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Мамыр, 2020

ҚАЖ қызметкерлері 91 жастағы ардагерді мерекесімен құттықтады

398 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаменті басшылығы мен мекеме ардагерлері Жеңіс мерекесіне орай тыл ардагерін құттықтады. Бұл туралы аталған Департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.

Ақтау қаласының қарт тұрғыны Темирбаев Петр Николаевич Алтай өлкесінің Николаевка ауылында дүниеге келген. Соғыс кезіндегі өз құралпы жасөспірімдер секілді ол да бұғанасы қатпай тұрып-ақ ауыр еңбекке араласты, Жеңісті жақындатуға өз үлесін еңбек майданында қосты.

Соғыстан соң ол Тула облысындағы түрмеде қызмет атқарды. 1956 жылы Вильнюс қаласынан ІІМ бастауыш құрамына дайындық мектебін бітіріп, 1964 жылы ІІМ Жоғары мектебін бітірді. Әртүрлі қызметтер атқарған П.Темирбаев 1986 жылы Маңғышлақ облыстық ГМ-172/5 мекемесі бастығының орынбасары болып қызмет атқарып жүріп ішкі істер қызметінің полковнигі шенімен еңбек демалысына шықты.

2018 жылы облыстық Ішкі істер департаменті және Ұлттық гвардия ардагерлер кеңесінің шешімімен «Ішкі істер департаментінің құрметті ардагері» атағымен марапатталды.

-Петр Николаевич біздің қызметкерлерімізге әрдайым батылдықтың үлгісі болып келеді. Біз оған әрдайым мерекемен және туған күнімен құттықтауға қуана келеміз. Оның өмірі – көпке үлгі. Біз ардагерге мықты денсаулық пен ұзақ өмір тілейміз, делінген ведомство берген хабарламада.