• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
21 Қыркүйек, 2013

Бақ қонып, Қыдыр дарыған Қызылорда

353 рет
көрсетілді

Жаңа жобалар өңірдің серпінді дамуына жол ашады

Жақсы шара жалғасын тапса, дәстүр емей немене. Бұған дейін Шығыс Қазақстан мен Ақмола облыстарының әкімдері Орталық коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен баспасөз мәслихатын өткергені белгілі. Жақсы дәстүрге айналып үлгерген осы игі шараны кеше Қызылорда облысы жалғастырды.

Мәслихатта басты тұлға, әрине, облыс әкімі Қырымбек Көшербаев болды. Ол өңірдегі жалпы жағдай туралы, «Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы және мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы» жөнінде баяндады. Сондай-ақ, журналистердің өңірге қатысты қойған сан алуан сауалдарына жауап берді.

Баспасөз мәслихаты басталмас бұрын «Қазмедиа» орталығында облыстың ұйымдастырған көр­ме­сімен журналистер сағат бойы танысып, өңірдің тыныс-тіршілігінен хабар алды. Содан кейін Қырымбек Көшербаевтың баян­дамасы тыңдалды. Баяндамада аймақ ахуалы мен облыс­та атқарылып жатқан барлық жұмыстар қамтылған. Алдымен Сыр өңірінің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері сөз болды. Одан соң «Қазақстан-2020» Стратегиялық жобасының жүзеге асырылу барысына тоқталды. Елімізді индустрия­ландыру бойын­ша қолға алынған үдемелі индус­триялық-инновациялық бағ­дарламаның облыстағы жағдайы туралы да әңгімеледі. Сондай-ақ, білім беруді дамыту мен «Саламатты Қазақстан» және «Ақпараттық Қазақстан-2020» бағдарламаларын іске асыру бары­сы да назарынан тыс қалмады.

Баяндамадан білгеніміз, кей­бір кедергі, қиындықтарға қарамастан соңғы жылдары өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы түзеліп, дамудың жаңа даңғылына түскені байқалады. Оның бір айғағын, жылдың бірінші жартыжылдығында инвестиция тарту бойынша Қызылорда облысы республикада көш бастағанынан-ақ көруге болады. Қырымбек Елеуұлы облыс әкімі болып тағайындалғаннан кейін 270-тен астам елді мекендерді аралап, халықтың тұрмыс-жағдайымен танысып шыққан. Содан кейін ғана, өңірді дамыту бағыттарын анықтап, тиісті шараларды қолға алған. Нәтижесінде, шешімін күт­кен көптеген мәселелердің күр­меуі ағытылып, өз жемісін бере бастаған.

Қызылорда облысының өз ерекшеліктері бар. Онда жерасты қазба байлықтарының көптеген түрі өндіріледі. Сонымен қатар, әлемдегі алғашқы «Байқоңыр» ғарыш айлағы сонда орналасқан. Ал адамзаттың үлкен қайғысына айналған Арал теңізі де Қызылорда өңірінде. Сондай-ақ, Қорқыт баба жатқан жерден қазақ руханиятының бір бұлағы бастау алатыны мәлім. Осыларға қарағанда, Қырымбек Елеуұлына қойылар сауалдардың көп болуы да заңдылық сияқты.

Алғашқы сауал, әкімнің қандай болуы керектігі жөнінде қойылды. Халқымызда «Әкім бол, халқыңа жақын бол» деген жақсы сөз бар. Осы сөздің тереңін түсінген басшы өз еліне жақсы қы

Соңғы жаңалықтар