Осы сәтке дейінгі дерек бойынша Алматы облысында COVID-19 инфекциясымен ауырғандар саны 156 адамға жетті. Ал індеттен оңалған 30 науқасқа дәрігерлер ауруханадан шығып, үйіне баруға рұхсат берді.
Өкінішке қарай, бүгін індет белгісі анықталған науқастың бірі 89 жастағы қарт адам екен.
- Алматы облысы Кеген ауданының 89 жастағы тұрғыны коронавирус жұқтырды. Ол бұрын ауырған пациентпен байланыста болған. Қазір науқас Шелек ауылындағы аудандық аурухананың инфекциялық бөліміне жатқызылды, - деп хабарлады Алматы облысы əкімінің баспасөз қызметі.