• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Президент 05 Мамыр, 2020

Президент: Шенеуніктердің міндеті – халыққа қызмет ету

472 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына тоқталды.

«Азаматтардың өтініш-тілектерін жедел қарастыру үшін «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ұсындым. Бұл – өте маңызды әрі қажет бастама. Шенеуніктердің міндеті – ең алдымен, халыққа қызмет ету. Олар ел-жұрттың мұң-мұқтажына құлақ аспағанда кімге құлақ асады?! Осы қағидатты барлық деңгейдегі мемлекеттік қызметшілердің санасына сіңірген жөн. Қазірдің өзінде бұл бағытта оң өзгеріс бар»,- деп атап өтті Қ.Тоқаев.