• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
21 Қыркүйек, 2013

Ел тілегі егінжайда

295 рет
көрсетілді

Ақмола облысы ірі аграрлық өңір ретінде елімізде өндірілетін жоғары сапалы бидайдың төрттен бірін қамтамасыз етеді. Биылғы жылы 4 миллион 700 мың гектарға жергілікті сұрыптағы тұқым себілді. Мұның 4 миллион 248 мың гектары бидай болса, 360 мың гектарын арпа дақылы алып жатыр.

Ауыл шаруашылығын әр­та­рап­тандыру жалғасын табуда. Осы­лайша, майлы дақылдар көлемі ұлғайтылып, 251 мың гектарға жетті. Саладағы бәсекелестікті орнықтыру ұмтылыстарын осыдан да көруге болады.

Ақмола облысы ірі аграрлық өңір ретінде елімізде өндірілетін жоғары сапалы бидайдың төрттен бірін қамтамасыз етеді. Биылғы жылы 4 миллион 700 мың гектарға жергілікті сұрыптағы тұқым себілді. Мұның 4 миллион 248 мың гектары бидай болса, 360 мың гектарын арпа дақылы алып жатыр.

Ауыл шаруашылығын әр­та­рап­тандыру жалғасын табуда. Осы­лайша, майлы дақылдар көлемі ұлғайтылып, 251 мың гектарға жетті. Саладағы бәсекелестікті орнықтыру ұмтылыстарын осыдан да көруге болады.Жалпы, егістік алқаптан 5 миллион тоннадан астам астық жиналады деп жоспарланып отыр. Қазіргі күні әр гектардан 12 центнерден алтын дән бастырған диқандар қауымы берген сертте тұруға сенімді. Әсіресе, жаз айларындағы 49 күндік толассыз жауыннан кейінгі қызу қарқынға қол соғуға болады. Мұны механизаторлардың орташа еңбек өнімділігін жоспардағы 165,4 мың гектарға жеткізуге тырысып отырғанынан байқаймыз.

Алакөңіл диқан орақты біршама кешіктіріп бастағанымен, 20 қыркүйектегі ақпар бойынша 2276,1 мың гектардың егінін дестеге жығып, 2151,6 мың гектарын бастырды. Бұл егістік алқаптың сәйкесінше 53,6 және 50,6 пайызын құрайды. Яғни, жұмыс барысында айтарлықтай алшақтық жоқ. Мұның өзі науқанға жұмылдырылған 9 мың, оның ішінде 979 шетелдік комбайндарды тиімді пайдаланып жатқанын көрсетеді. Астықты тасымалдауға 4,5 мың жүк автокөлігі мен трактор тіркемелері қатыстырылуда.

Облыстық ауыл шаруашы­лы­ғы басқармасының егін­ші­лік­ бөлімінің басшысы­ Жұма­бек Әбуовтің айтуын­ша, Жар­қай­ың, Есіл және Жақ­сы аудан­дары­нан басқа аудандарда ауыл­ша­руа­шы­лық дақылдарының пісіп-же­тілуі 13-15 күнге кешіккен. Мәсе­лен, жоғарыда аталған аудандарда шілде-тамыз айларында өзге өңір­лерге қарағанда жаңбыр 1,5-2 есе аз жауды. Осыған байланыс­ты бүгінгі күні Жарқайың ауданы 319,3 мың гектардың (60,4 пайыз)­, Есіл ауданы 241,5 мың (55,2), Жақсы ауданы 175,7 мың гек­тар­дың (54,1 пайыз) астығын бас­тырып, көш басында келеді. Об­лыстағы егістік алқаптың 32,4 пайы­зын қамтитын бұл аудандардың қыр­күйектің соңына қарай орақ нау­қанын аяқтауға мүмкіндіктері бар.

Дәннің пісіп-жетілуін жылдамдату мақсатында орман-таулы аудандарда егістікті гербицидтермен өңдеу (десикация) жүргізіліп, егінді бөлектеп ору ауқымы 1 миллион гектарға ұлғайтылды. Бұл сапалық көрсеткіштерді жақсартуға ықпал ететіні анық.

Өткен жылдардың тәжіри­бесі астық қоймаларын қам­дауға айрықша көңіл бөлу қа­жет­тігін көрсетті. Облыстағы лицензияланған 57 астық қабылдау кәсіпорындары нау­қанға жақсы дайындықпен кірісті. Олар 3,8 миллион тонна дән қабылдау қуатына ие. Сондай-ақ, ауылшаруашылық құрылымдарының қарауында 1 миллион тонна сыйымдылықтағы қоймалар әзірленді. Қыркүйектің 20-сындағы дерек бойынша астық қабылдау кәсіпорындарына 800 мың тоннадан астам қызыл дән жеткізілді. Астықтың 50 пайыздан астамы жоғары ылғалдылықта екендігін ескерсек, элеваторлар мен астық қабылдау кәсіпорындарының жұмысы еселене түсетіні белгілі. Мамандар бұл сынақтан сүрінбейтініне сенімді, тек ауа райы жақсара түссе деген тілек үстінде.

Бақберген АМАЛБЕК,

«Егемен Қазақстан».

Ақмола облысы.            

Соңғы жаңалықтар