• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
21 Қыркүйек, 2013

Ынтымақтастықтың арта түсеріне сенім мол

310 рет
көрсетілді

Кеше Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Серік Ахметов Францияға жұмыс сапары аясында осы елдің Премьер-министрі Жан-Марк Эйромен кездесті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Үкімет басшылары екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық қызметтестіктің көкейкесті мәселелерін талқы­лады.

Кеше Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Серік Ахметов Францияға жұмыс сапары аясында осы елдің Премьер-министрі Жан-Марк Эйромен кездесті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Үкімет басшылары екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық қызметтестіктің көкейкесті мәселелерін талқы­лады.

Франция Қазақстанның Еуро­па­дағы шешуші әріптесі болып табылады, деген С.Ахметов Астананың Парижбен тығыз үнқатысуға мүдделі екенін атап көрсетті.

Баламалы энергетика, машина жасау, металлургия, электроника, химия өнеркәсібі, технологиялар трансферті салаларында бірқатар бірлескен жобалар белгіленуде. Бізге бірлескен жұмысты жалғастыра отырып, барлық деңгейлердегі байланыс­тарды нығайта түсу қажет, деді С.Ахметов.

Қазақстан Үкіметінің басшысы әріптесіне «Болашақ энергиясы» тақырыбында Аста­нада ЭКСПО-2017 көрмесін өт­кізуге дайындық барысы туралы хабарлап, француз тарабын осы халықаралық іс-шараға белсенді қатысуға шақырды.

Әңгімелесушілер мұнай-газ, автомобиль жасау, атом энергиясы саласындағы ықпалдастықты тереңдете түсу қажеттігіне назар аударды.

Өз кезегінде Ж-М.Эйро екі­жақты қарым-қатынастар деңгейін жоғары бағалап, болашақта да жемісті ынтымақтастықтың жалғаса беретініне сенім білдірді.

Осы орайда өткен 2012 жы­лы­ екі ел арасындағы сауда­ ай­на­лымының 6,2 млрд. АҚШ долларын құрағанын, ал үсті­міз­дегі жылдың бірінші жарты­жыл­дығында оның 3 млрд. АҚШ долларынан асып түскенін айта кету қажет. Экспортқа негізінен мұнай, металдар мен химия өнімдері шығарылса, Қазақстан Франциядан өнеркәсіп жабдықтарын, дәрі-дәрмек, косметика, автомобильдер мен басқа да тауарлар импорттайды.

1994 жылдан бергі кезеңде Францияның Қазақстан экономикасына салған тікелей инвестициялары шамамен 10 млрд. АҚШ долларын құрады.

Осы күні Серік Ахметов Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) Бас хатшысы Анхел Гурриамен кездесті.

Әңгіме барысында С.Ахметов Қазақстанның осы ұйыммен ынтымақтастығының бірқалыпты дамып келе жатқанын, еліміздің ұйымның комитеттері мен түрлі бағдарламаларына белсенді атсалы­сатынын атап өтті.

Қазақстан Үкіметінің басшысы А.Гурриаға «Қазақстан-2050» Стратегиясының негізгі қағи­да­лары туралы хабарлап, Қазақ­станның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына ену жөніндегі мақсатын жүзеге асыруда ЭЫДҰ-ға мүше мемлекеттердің белсенді өзара қызметтестігі жайына назар аудар­ды.

Бұл оңай емес, бірақ қол жеткізуге әбден болатын міндет, бұл орайда ЭЫДҰ-ның тәжірибесі өте маңызды, деді С.Ахметов. Сон­дай-ақ, ол тәуелсіздіктің 20 жылы ішінде Елбасының басшылығымен еліміздің үлкен жолдан жүріп өткенін, бүгінде әлеуметтік-экономикалық өсудің жаңа сатысында тұрғанын атап көрсетті.

Өз кезегінде А.Гурриа Қазақ­станға ЭЫДҰ-ның Даму орта­лы­ғына қосылуды ұсынды, оның пікірінше, бұл ұйым қызметінің негізгі бағыттары бойынша өзара байланыстарды нығайтуға жағдай жасайтын болады. Сол сияқты, ЭЫДҰ басшысы «жасыл экономиканы» дамыту маңыздылығын да атап өтті.

Біз үшін экология, қоршаған ортаны қорғау ең үлкен басымдыққа ие мәселелер болып табылады. Біз Қазақстанның өңірдегі «жасыл» стратегияның көшбасшысы болуға зор әлеуеті бар деп есептейміз, деді А.Гурриа.

Сапар қорытындысында Қазақстан Премьер-Министрі қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері үшін брифинг өткізді. Онда Серік Ахметов Қазақстан-Франция қарым-қатынастарының қарқынды түрде өріс ала түскендігін атап көрсетті. Бұған екі жақтың жоғары деңгейдегі кездесулері мен Қазақстан Президентінің Францияға сапары барысында қол жеткізілген келісімдерді іске асыру шаралары үлкен ықпал етуде.

Қазақстан Үкіметінің басшысы Астананың Парижбен мемлекетаралық байланыстардың барлық қырлары бойынша жұмыс істеуге мүдделі екендігін айта келіп, осы ретте аэроғарыштық, энергетикалық көліктік және машина жасау салалары бойын­ша ынтымақтастықтың жағымды тәжірибелері қалыптасқандығын атап өтті. Сонымен қатар, Қазақ­стандағы даму бағдар­ла­маларын жү­зеге асыруға француз іс­кер­лерінің қатысуы маңызды екендігіне

Соңғы жаңалықтар