• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
21 Қыркүйек, 2013

Ерен еңбек қашанда елеуге лайық

526 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Оңтүстік Қазақстан облысының зиялы қауым өкілдерінен хат келді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Авторлар Елбасы саясатының арқасында еліміздің әлеуметтік-экономикалық ахуалы жылдан-жылға жақсарып келе жатқанын атап өткен.

Одан әрі хатта: «Қазақстан бүгінде әлемдік аренада беделді, абыройы жоғары мемлекеттер қатарына қосылды. Халық тұрмысының жақсаруы, экономиканың нығаюы және халықаралық қоғамдастықтың бізбен санасуы – осының нақты дәлелі. Бұл – қазақстандықтар үшін зор қуаныш», – делінген.

Хат иелері Президент тапсырмасымен «Бейнеу – Бозой» халықаралық газ құбырының құрылысы жүргізілгеніне, мұның оңтүстік өңір тұрғындарының көгілдір отынға деген сұранысын толық шешетініне тоқталған.

Сондай-ақ, зиялы қауым өкілдері хат соңында: «Бұл жоба – Тәуелсіздіктің және Сіздің басшылығыңыздың арқасында елдегі әлеуметтік мәселелердің кешенді, ауқым­ды шешіліп отырғанының тағы бір айғағы. Қазақстанды көркейтудегі ерен еңбегіңіз үшін оңтүстікқазақстандықтар атынан зор алғыс айтамыз», – дейді.

Ұжымдық хатқа Социалистік Еңбек Ерлері Б.Шүкірбеков, Т.Ағабеков, жазушы М.Байғұт, Қазақстанның құрметті журналисі Б.Қонысбек, ОҚО ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Мәуленқұлов, ОҚО кәсіподақтар кеңесінің төрағасы Д.Шерімқұлов, еңбек ардагері С.Барахова, т.б. қол қойған.

Соңғы жаңалықтар