• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
21 Қыркүйек, 2013

Ардагерлер – алтын қазынамыз

441 рет
көрсетілді

Алматыда да қанша ардагер қалды дейсіз?! Бір өкініштісі, Ұлы Жеңісті жақындатқан жылдар алыстаған сайын Отан үшін оқ пен от кешкендер де азайып бара жатқанын айтып қаламыз. Ал олардың арасында ғажайып тағдыр иелері қаншама?!

Осы біздің оңтүстік астанада Тәуелсіздігіміздің 15 жылдығына орай, Ұлы Отан соғысының ардагері Зекен Әділбеков қана «Құрмет белгісі» төсбелгісімен марапатталған еді.

Алматыда да қанша ардагер қалды дейсіз?! Бір өкініштісі, Ұлы Жеңісті жақындатқан жылдар алыстаған сайын Отан үшін оқ пен от кешкендер де азайып бара жатқанын айтып қаламыз. Ал олардың арасында ғажайып тағдыр иелері қаншама?! Осы біздің оңтүстік астанада Тәуелсіздігіміздің 15 жылдығына орай, Ұлы Отан соғысының ардагері Зекен Әділбеков қана «Құрмет белгісі» төсбелгісімен марапатталған еді.

Әрине, ұлт зиялылары, талай игі жақсылар тіршілік кешкен шаһарда Әділ­бековтен бөлек аузы дуалы ақса­қалдар да жоқ емес. Алайда, мем­лекеттің таңдауы дәл осы кісі­ге неге түскенін баяндай оты­рып, ғибратты әңгімесіне, ықы­ласты батасын алып, тағы­лымды естеліктеріне ортақ болу – кейде таптаурын жолға түсе бастайтын тіршілігіңе тарту сияқты көрінеді екен.

Айтқандай, қазақта сексеннің сеңгіріне шығыпты дейтін сөз бар. Ал «сеңгір» деген сөздің мағынасын сөз маржанын терген белгілі публицист Бекболат Әдет ағамыз таулардың қар басқан, көкпен таласқан арса-арса, биік-биік шыңдары деп түсіндірген еді. Ал мен іздеп келе жатқан Зекең 88 дейтін жастың сеңгірін еңсерген, ендігі ұрпақ үшін биік адам.

Көзін тырнап ашқанда, бір жасында әкеден айырылып, он жасында-ақ қара жұмысқа араласып, 18 жасында өз еркімен майдан даласына аттанған, қос ғасырдың бар тауқыметі мен тақсыретін де тағдырының жар­­қын сәттерімен қоса өрген өмір иесі тоқсанға екі қадам қалғанда қарт­тыққа жеңіле бастауы керек еді. Керісінше, менің өлшеусіз таңданысыма қарай, сұхбаттасуға келіскен жерде бізді көркем, қай жағынан алсаңыз да келісті жан күтіп отыр екен. Ине-жіптен жаңа шыққандай жарасымды ақшыл кәстөмі, ақсүйектерге тән биязы болмысы, жасандылықтан ада жанашыр жүзі адамды шуаққа бөлеп, халқымызда осындай қа­зына жандар бар болғаны үшін де бақыт сезіміне бөледі. Мейірімі аңсатқан өз атамыз алыс-алыс сапардан оралғандай, ауызбен айтып жеткізгісіз сабат күй кешіп, өмір дәрісіне қатысып отырған шәкірт сияқты телміріп тыңдап отырғанымды өзім де байқамай қалыппын. Ғибратты ғұмырға саяхат кешіп бара жатып, адам деген мәңгілік тіршілік кеше алмайтынын іштей түйсініп, өмірі кітап осындай ұлт байлығының біртіндеп қолдан сусып шығып бара жатқанына өкіне де бастайды екенсің...

Зекең ақсақал көп жылдан бері республикалық «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің Алматы қаласындағы Алмалы аудандық филиалының төрағасы. Егер республика бойынша Арда­герлер ұйымын 60 адам құрайтын болса, Зекең Уәлханұлы Алматы­дан қосылатын 4 ақсақалдың бірегейі.

– Бастапқыда, Алмалы ауда­нының ардагерлер кеңесіне жұ­мысқа келгенде қиын болды. Бес тиын қаражаты жоқ, бәрі бір кабинетте отырады. Бір адам арыз айтып келсе, сөйлесетін орын жоқ. Содан аудан әкіміне барып, бұл жұмысты осындай жағдайда атқара алмаймын, тас­таймын дедім. Телефон да жоқ, келген зейнеткерлерге бере­тін көмегіміздің, бір түйір ақша­мыздың да жоқтығын айттым. Содан сол кездегі аудан әкімі Тұрарбек Асанов осы кабинетке мені алып келіп, жұмысты жүргізуге жағдай туғызатынын айтты. Мен де одан кейін бар кү­шімді салып міндетімді атқа­рып келемін, – дейді Зекең ақсақал.

Осыдан кейін ардагерлер кеңе­сінің жаңа төрағасы әкіммен ауданда тұратын барлық іскер азаматтарды жинап беруді және шенеуніктердің де қатысуын сұрайды. Аудан ауқаттыларымен болған бұл қысқа кездесуде З.Әділбеков ардагерлердің бар­лық қордаланған мәселелерін ортаға салады.

– Бұл 2000-жылдар болатын. Ол кезде мемлекеттен ар­­­­­­дагерлердің мұқтажын тү­гел өтейтіндей көмек аз болды. «Бай­ларымызбен» болған кіші­гірім жиналыста балалары­мыз­дай жандар қолдарынан келетін көмекті беруге келісті. Содан бері жағдайымыз жаман емес. Тек 2006-2010 жылдар аралығында ауданда қолынан іс келетін жандардың арқасында 50 миллион теңгедей қаражат жиналды. 25 миллионын зейнеткерлерге бөліп бердік. Бірақ, біздің жұмысымыз әкімдерге де тәуелді. Өзіміз тәрбиелеп өсі

Соңғы жаңалықтар