• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
21 Қыркүйек, 2013

Алты мың теңгеге бола адам өлтірген мұғалім осы кезге дейін қалай бала тәрбиелеп келген?

320 рет
көрсетілді

Оңтүстік Қазақстан облысында 6 000 теңге үшін ауылдасының қанын мойнына жүктеген жас жігіт шықты. Құқық қорғау органдары қызметкерлері осындай күдікпен қамауға алған бұл жігіт орта мектепте тарих пәнінен сабақ беретін мұғалім көрінеді.

Оңтүстік Қазақстан облысында 6 000 теңге үшін ауылдасының қанын мойнына жүктеген жас жігіт шықты. Құқық қорғау органдары қызметкерлері осындай күдікпен қамауға алған бұл жігіт орта мектепте тарих пәнінен сабақ беретін мұғалім көрінеді.

Оқиға 17 қыркүйек күні орын алған. Сол күні Созақ аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғындар қоңырау шалып, Тасты ауылы арқылы өтетін жол бойында белгісіз біреудің денесі жатқанын жеткізген. Айтылған жерге жедел жеткен арнайы топ марқұмның сол ауылдың 1965 жылы туған азаматы екенін анықтайды. Шұғыл іздестіру жұмыстары нәтижесінде көп ұзамай 1982 жылы туған ауыл азаматы ұсталып, өз кінәсін толық мойындайды.

Күдіктінің айтуынша, ол көлігімен келе жатқанда өзіне 6 000 мың теңге қарызы бар жігітті көше бойынан көріп қалады. Сол жерде бұл одан қарызын қайтаруды талап етеді. Мұның соңы екеуара жаға ұстасуға ұласып, артынан қым-қиғаш төбелес басталып кетеді. Сол арпалыста жеңіліп бара жатқанын сезген мұғалім қалтасынан пышақ шығарып, оның кеуде тұсына ұрған. Осы соққы алпамсадай азаматтың қаза табуына апарып соқтырған.

«Қазіргі таңда айғақты зат ретінде оның автокөлігінің ішінен қан дақ­та­ры­мен пышақ алынып отыр. Күдікті азамат қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр», – деді осыған орай облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хатшысы Салтанат Қаракөзова.

Құрыш НҰРЫМБЕТ.

Соңғы жаңалықтар