• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
21 Қыркүйек, 2013

Екатерина Ларионова – қола жүлдегер!

285 рет
көрсетілді

Қазақстандық балуан Екатерина Ларионова Венгрияның астанасы – Будапешт қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы спорттық күрестен әлем чемпионатында қола медальдың иегері атанды.

Біріншілікте 63 килоға дейінгі салмақта боз кілемге шыққан Катя үшінші орын үшін таласты Колумбияның өкілі Жаклин Кастиолломен өткізді. Мұнда біздің қыз 5:0 есебімен жеңіске жетіп, үштіктің құрамынан табылды.

Бұл салмақта чемпиондық атаққа жапон Каори Ите ие болды. Ол ақтық айқаста моңғол Баттсетсег Соронзонболдты 7:0 етіп ұтты.

Осылайша қыздарымыз мұның алдында жігіттеріміз ала алмаған жүлдеге қол жеткізді.

Дамир ҚОЖАМҚҰЛ.

Соңғы жаңалықтар