Кеше, 21 қыркүйек күні еліміздің бірқатар стадиондарында футболдан Премьер-лига командалары арасындағы чемпионаттың кезекті 27-турының ойындары ойналды.
Ақтөбедегі Қобыланды атындағы орталық стадионда жергілікті «Ақтөбе» «Астананы» қабылдап, 2:0 есебімен жеңіске жетті. Матчтағы бірінші голды 52 минутта өзбекстандық легионер Тимур Кападзе салды. Ал соңғы гол төрешінің қосымша белгілеген 6-минутында (!) соғылды. Оны түбі ресейлік Марат Хайруллин өз есебіне жазды.
Осы күні ойналған басқа матчтар мынадай нәтижелер әкелді:
«Восток» (Өскемен) – «Жетісу» (Талдықорған) 0:0
«Тараз» (Тараз) – «Атырау» (Атырау) 1:1
(Голдар: Обиора, 36 – Алвиз, 66-пенальти)
«Ақжайық» (Орал) – «Тобыл» (Қостанай) 1:3
(Голдар: Черны, 78 – Куртиши, 7, Бугаев, 20, 74).
«Ертіс» (Павлодар) – «Ордабасы» (Шымкент) 3:0
(Голдар: Бақаев, 48-пенальти, Мухутдинов, 55, Чернышов, 75).
Турдың ойындарын бүгін сағат 16-00-де Алматыда басталатын «Қайрат» пен «Шахтердің» арасындағы ойын тиянқтайды. Бұл командалар Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы чемпионаттарында өзара 42 рет кездесіпті. Соның 18-інде – «Шахтер», 17-сінде «Қайрат» жеңіске жеткен. Доп айырмашылығы: 52-51 есебімен алматылықтардың пайдасында. Матч тікеелй эфир арқылы «КазСпорт» арнасынан көрсетіледі.
Қазір 1-6 орындар үшін таласып жатқандар арасында 27 ойыннан 33 ұпай жинаған «Ақтөбе» топ бастап келеді. Екінші орындағы «Астана» одан үш ұпай қалық тұр.
Дамир Қожамқұл.