Тунистің билігі өз елдерінен Сирияға барып, көтерілісшілердің жыныстық қатынас жөніндегі қажеттілігін өтейтін «джихад-аль-никах» («неке джихады») акциясына қатысуға тілек білдіруші қыздардың көбейіп бара жатқанына алаңдап отыр. Бұл туралы AFP хабарлады.
Елдің ішкі істер министрі Лотфи Бен Джедду парламенттегі тыңдау кезінде Тунис әйелдерінің Сирияға аттанып, онда «20, 30, 100 содырдың жыныстық қатынас жөніндегі тілегін қанағаттандырып қайтатындарын» айтып шағынды. Оның сөзіне қарағанда, қазір Сирияда болған көптеген әйелдер елге жүкті болып оралып жатыр екен.
Ішкі істер ведомствосының басшысы, бірақ, нақтылы қанша әйелдің елге екіқабат болып оралғанын айтып бере алмады. Ал биылғы жылғы наурыз айынан бері тунис билігі 6000 жас қыздың Сирияға бару жөніндегі сұраныстарына рұқсат бермей қойыпты.
Бұдан бұрын ислам ұйымдарының тек Срияға ғана емес, сондай-ақ Мысырға да «джихад аль-никах» акциясына, яғни уақытша некеге тұруға аттандырып келгенін хабарлаған болатын. Бұған малданып қалатын қыздар өздерінің осы арқылы «қасиетті соғысқа» өз үлестерін қоса алатындарына қатты иланатын көрінеді.
Сұлтан Бозайғыр.