Үстіміздегі жылғы 15 қыркүйек күні Өзбекстанның Бұхара облысындағы Вабкент аудынының Нарчок қишлағындағы мақталық алқапта мақта өнімі үйіндісінің астында қалып қойған 6 жасар бала тұншығып өлді. Бұл туралы «Фергана.news» агенттігі хабарлады.
2007 жылы туған бұл баланың аты Амирбек Рахматов екен. Биыл мектептің бірінші сыныбы табалдырығынан аттаған ол сол күні сабаққа бармай, анасына көмектеспекші болып, мақталық алқапқа келген екен. Біраздан кейін шаршағасын дем алмақ болып, трактордың тележкасы қорабына шығып, ұйықтап қалады. Ал кешке қарай онда баланың жатқанын аңғармаған мақта терушілер қорапқа теңдерді лақтырып тастай бастайды. Онда бүлдіршіннің жатқаны мақта қабылдау пунктінде бір-ақ байқалады. Бұл кезде ол әлдеқашан жантәсілім еткен екен.
Сұлтан Бозайғыр.