• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт 22 Қыркүйек, 2013

Футбол. Қазақстан чемпионаты. Бірінші лига: 30-тур

496 рет
көрсетілді

Кеше, 21 қыркүйек, сенбі күні футболдан Қазақстан чемпионаты бірінші лигасының кезекті, 30-турының ойындары ойналды.

Ол төмендегідей нәтижелер әкелді:

«Каспий» (Ақтау) – «Іле-Сәулет» (Өтеген батыр) 1:0

Гол: Абдущеев (22, пенальти)

«Қайсар» (Қызылорда) – ЦСКА (Алматы) 3:0

Голдар: Хромцов (40), Семлер (79), Алтайбеков (84)

«Қыран» (Шымкент) – «Астана-1964» (Астана) 1:1

Голдар: Жұмаханов (33) – Жалмағанбетов (56)

«Бәйтерек» (Астана) – «Оқжетпес» (Көкшетау) 2:0

Голдар: Прополенко (35), Шайхов (57)

«Болат-АМТ» (Теміртау) – «Қызылжар» (Петропавл) 0:1

Гол: Згура (82)

«Ақбұлақ» (Талғар) – «Спартак» (Семей) 0:2

Голдар: Пурышкин (44), Ерсәлімов (56)

«Сұңқар» (Қаскелең) – «Екібастұз» (Екібастұз) 3:1

Голдар: Құсайынов (35), Тұрысбек (38), Тәжмағамбетов (53) – Бралин (45, пенальти)

БИІК (Шымкент) – «Лашын» (Қаратау) 0:2

Голдар: Рымтаев (19), Дәрібаев (64)

Осы турдан кейін Қызылорданың «Қайсары» өзінің турнир кестесіндегі жағадйын біршама дұрыстай түсті. Қазір оның есебінде 28 ойыннан 64 ұпай бар. Екінші орындағы Ақтаудың «Каспий» командасы осынша ойыннан 58 ұпай алып тұр. Үшінші орынға осыншама ойыннан 56 ұпай жинаған Семейдің «Спартагы» жайғасты.

Мергендер көшін де қызылордалық шабуылшы бастап келеді. Біраздан бері топ басын бермей келе жатқан Жасұлан Молдақараевта қазір 19 доп бар.

Келесі турдың ойындары 28 қыркүйек күні ойналады.

Дамир Қожамқұл.

Соңғы жаңалықтар