• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Тағайындау 06 Мамыр, 2020

«Шымкент - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы – әкімнің штаттан тыс кеңесшісі тағайындалды

584 рет
көрсетілді

«Шымкент - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы болып Жани Қамбар тағайындалды.

Қамбар Жани Сайдуллаұлы Шымкент қаласында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің түлегі. «Жастар ресурстық орталығы» КММ-де түрлі лауазымдарда қызмет атқарған.

Жобалық кеңсе басшысы лауазымына тағайындалғанға дейін Жастар ресурстық орталығы басшысының орынбасары болған.

Сонымен қатар, Ж.Қамбар Шымкент қаласы әкімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды.

Айта кету керек, «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қызметі қоғамдағы тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және мегаполистің мемлекеттік органдарына азаматтардың сенімін арттыруға бағытталған.

 

 Шымкент