• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Мамыр, 2020

Шығыс Қазақстан: Бесқарағай ауданында 85 отбасына азық-түлік себеті берілді

536 рет
көрсетілді

Төтенше жағдай кезінде назардан тыс қалдырмады.

Семей қаласындағы «Ниет» қайырымдылық қоры Бесқарағай ауданының жағдайы төмен отбасыларына көмек көрсетті. Қор биылғы жылдың ақпан айында аудандағы 85 отбасына (428 адам) LC Waikiki фирмасының киім-кешектерін тарту етіпті.

«Бүгінгі төтенше жағдай кезінде де қор ауданымызды назардан тыс қалдырмады. 85 отбасына әлеуметтік маңыздағы азық-түлік себетін әкеліп,  жағдайы төмен отбасыларға табыс етті. Сын сағатта көмек қолын созған «Ниет» қоғамдық қоры филиалының директоры Айдос Серікқалиұлына, орынбасары Меруерт Кисаменоваға алғысымызды білдіреміз» дейді бесқарағайлықтар.

«Пандемия адамдардың қаржылық жағдайына әсер етуде. Біз қоғамдық ұйымбыз және азаматтардан қайырымдылық көмек қабылдаймыз.  Сондықтан кез келген дағдарысты бірінші болып сезінеміз, бізден көмек сұрайтындар өте көп. Мұндай игі істер алдағы уақытта да жалғасын табатын болады» дейді Меруерт Кисаменова.

Шығыс Қазақстан облысы,

 Бесқарағай ауданы