• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
23 Қыркүйек, 2013

Елбасы Сыр бойындағы сапарын жалғастырды

281 рет
көрсетілді

Кеше, 22 қыркүйекте түс ауа Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгінгі жұмыс күнін облыс орталығында жаңадан салынған бірқатар нысандарды аралап көруден бастады. Бұл туралы Egmenenews.kz тілшісі хабарлады.

Президент алдымен «Мұз айдыны» спорттық- сауықтыру кешеніне барды. Жалпы көлемі 7985 шаршы метрлік кешен 3 бөліктен тұрады. Қазіргі заман талабына сай салынған орталықта хоккей, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек сынды қысқы спорт түрлерін дамытуға болады. Онда мұз айдынынан бөлек, гандбол, волейбол, баскетбол, күрес және көркем гимнастикаға секциялары үшін жабдықтар мен залдар қарастырылған. Кешенде болған Мемлекет басшысы екі дүркін Олимпиада чемпионы Илья Ильин бастаған облыс спортшыларымен кездесті.

Елбасы бұдан кейін «Бастау» бизнес орталығына тоқтады. Онда сағатына 250 жолаушыға қызмет көрсететін халықаралық жолаушылар терминалының жобасы таныстырылды. Жалпы аумағы 9200 шаршы метр болатын жаңа әуежай халықаралық стандарттарға сәйкес салынып, жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасы артады. Жоспар бойынша құрылыс жұмыстарын 2014 жылдың күзіне дейін аяқтау көзделген. Бұл әуежайдағы ұшақтардың ұшып қону алаңы 3 жыл бұрын қайта жаңғыртудан өтіп, халықаралық талаптарға сәйкестендірілген.

Президенттің жұртшылық өкілдерімен өткен жиынында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев өңірдің өзекті мәселелеріне тоқталып, «Қызылорда облысының 2020 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық дамуы Стратегиясы» құжатының негізгі бағыттарымен таныстырды.

Кездесуде«Рза» акционерлік қоғамының президенті С. Имандосов,   «Атамекен Одағы» ҰЭП жанындағы облыстық кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы А. Махамбетов, «ҚазГерМұнай» бірлескен кәсіпорынның бас директоры М. Кәрім, «Байқоңыр» ӘКК» ҰК» АҚ басқарма төрайымының орынбасары И. Сейдаханов, балық шаруашылығын дамыту жөніндегі облыстық консорциум төрағасы Ә.Айымбетов және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры Қ. Бисенов сөз алып, мемлекеттік, әсіресе инфрақұрылымдық бағыттағы бағдарламалардың аймақ экономикасына оң ықпалы турасында, Қазақстан Президентінің тапсырмасы бойынша жүзеге асқан жобалар жөнінде ой пікірлерін білдірді.

Ержан Байтілес,

«Егемен Қазақстан».

Қызылорда.

Соңғы жаңалықтар