• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Мамыр, 2020

Ақмолада «Biz birgemiz» акциясы жалғасуда

528 рет
көрсетілді

Рамазан – қайырымдылық айы. Есіл аудандық мешітінің бас имамы Бақжарық Қызырұлының бастамасымен  көмекке  мұқтаж  100 отбасыға  азық-түлік таратылды.

Рамазан айы – жасаған жақсылықтарың еселене  түсетін, мейірім-шапағаты мол уақыт. Сондықтан, өңір имамы ауыл жұртшылығын қайырымды шара жасауға, бір-біріне көмек көрсетуге шақырды. Жан жадыратар жақсы іс жалғасын тауып, ізгілік нұрымен гүлденген көңілдер бүрлеп, акцияс әлі де жалғасуда. Бүгінге дейін  300-дей отбасыға  азық-түлік  жеткізілді.  Аудан   орталығындағы  жеке кәсіпкерлер  де  ізгі  амал  жасауға ат салысуда.

–Біздің ұйым елдегі төтенше жағдайға байланысты республикалық  акциясыға қолдан келгенінше ат салысуды жөн көріп отыр. Күні бүгінге дейін алпыстан астам отбасыға көмек көрсетілді. Олар негізінен, көпбалалы отбасылар, мүгедек жандар және жалғызбасты қариялар,–дейді «Есіл-2030» несиелік серіктестігінің жетекшісі Талғат  Әділбаев.

Адам бойындағы мейірім мен ізгілік нұры тіршіліктің тоңын жібітпек. Күн астында жүргенмен, күрсінуге себеп көп. Сондай сәтте жомарт жандардың жүрек жылуы төңірегін ізгілік нұрына бөлемек.