Жексенбі және дүйсенбі күндері Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қызылорда облысына арнайы жұмыс сапарымен барды.
«Айтылмаған сөз – жетім» дейді қазақ. Сенбі мен жексенбі ежелден Үкіметтің қиып берген демалыс күндері ғой. Дегенмен, күннің жексенбі екеніне қарамастан Сырдың бойына жұмыс сапарымен келген Елбасының әрекетін елге, жерге, мемлекетке, халыққа деген аса үлкен жанашырлық деп түсіндік. Өйткені, ұлттың ұлы мұратын арқалаған қайраткерге қай күн, қай мезгіл екені маңызды емес. Бастысы, елдің жайын, хал-ахуалын өз көзімен көру, біткен іспен танысу, аяғына дейін жетпей жатқан шаруаның себебін білу болса керек.

Елбасы сапарының алғашқы күнін жаңа оқу жылында ашылған «Назарбаев зияткерлік мектебінің» жұмысымен танысудан бастады. Соңғы жылдарда республиканың қай түкпірінде болмасын сондай оқу орындары ашылып жатыр. Онда үлкен іріктеуден, сұрыптаудан өткен талантты балалар білім алады. Бүгінде еліміз бойынша «Назарбаев зияткерлік мектебін» тәмамдаған 1003 бала бар. Бұл мектепті бітірген оқушылардың 93 пайызы мемлекеттік гранттарды иеленіп, жоғары оқу орындарына түскен. Ал олардың 26 пайызы «Назарбаев Университетінің» түлектері. Аталған көрсеткіштің өзі мектеп деңгейінің қаншалықты екенін дәлелдеп тұр. Осы күні республикада 15 «Назарбаев зияткерлік мектебі» жұмыс істейді. Оның бірі Қызылордада ашылды. Алдағы уақытта Алматыда екі, Петропавл, Қостанай, Ақтау қалаларында бір-бірден мектеп ашу жоспарда бар.
Сыр өңірінде бой көтерген заманауи үлгідегі 720 орындық зәулім ғимараттың өзі қалаға өң беріп тұр десек, артық айтпаған болар едік. Зияткерлік мектепке облыстың барлық аймағынан дарынды, талантты оқушылар қабылданды. Сабақ үш тілде жүргізіледі. Алғашқы 7 және 9-сыныптарда оқытылатын сабақ білім беру орталығының бағдарламасы аясында болса, 9-11-сынып оқушылары халықаралық стандартқа сай тәлім алады. Алыстан келіп оқитын балаларға барлық жағдай жасалған. Соның дәлелі ретінде 120 орындық жатақхананы айтар едік. Қызылордадағы «Назарбаев зияткерлік мектебі» химия және биология пәні бойынша тереңдетіп оқытады. Сонымен қатар, тағы бір ерекшелігі ретінде экономика, экология, қазіргі әлемдегі Қазақстан атты арнайы кабинеттердің ашылғаны. Мұнда балалар әр сала бойынша жан-жақты ақпарат алып, білімдерін жетілдіреді. Аталған оқу ошағы жаңа компьютерлік жүйемен, мультимедиалық кабинеттермен, интерактивті тақталармен, инновациялық бағдарламалар жүйесімен толық қамтылған. Мектепте білім алу үшін 4001 бала өтініш білдірген. Олардың арасынан сұрыпталып 553 оқушы «Назарбаев зияткерлік мектебінің» оқушысы атанған. Тіпті, мұғалімдердің өзі сынақ арқылы қабылданған. Соның нәтижесінде 93 мұғалім бүгінде оқушыларға білім беріп жатыр. Олардың ішіндегі 53 ұстаз үш деңгейлі конкурстың нәтижесінде қабылданған. Мұның өзі талаптың өте күшті екенін аңғартса керек.
– Біріншіден, елдегі балалардың барлығы талантты, дарынды емес. Өмірдің шындығы осы ғой. Сондықтан ата-аналар балалары «Назарбаев зияткерлік мектебіне» түсе алмай қалып жатса ренжімеуі керек. Мұнда тек талантты балалар ғана білім алады. Екіншіден, бұл оқу ордасы облыстағы қай мектептің қандай деңг