• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Мамыр, 2020

Маңғыстау облысы ТЖД қызметкерлері 9 отбасына көмек көрсетті

213 рет
көрсетілді

Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс Күнін мерекелеу қарсаңында Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғау органдарының ардагерлері мен қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлердің отбасына құрмет көрсету бойынша іс-шаралар ұйымдастырды. Бұл туралы аталған департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.

«Біз біргеміз!» республикалық акциясы аясында Ішкі істер саласы зейнеткерлеріне, Департаменттің аз қамтамасыз етілген қызметкерлеріне, сондай-ақ өрт сөндіру кезінде қаза тапқан қызметкердің отбасына бірінші қажеттіліктегі азық-түлік түрінде атаулы әлеуметтік көмек берілді.

Департамент қызметкерлері тарапынан тыл еңбеккерлері мен ішкі істер органдарының ардагері Мақаш Берішбаевқа ерекше көңіл бөлінді. Әңгіме барысында ардагер қонақтарды екіншідүниежүзілік соғыс кезіндегі қиындықтар, соғыс және соғыстан кейінгі  қалыпна келтіру жылдары туралы айтып берді.

ҚР ІІМ ТЖ Комитетінің және Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар Департаментінің атынан ардагерге Алғыс хат, сондай-ақ сыйлықтар табысталды.