Қырғызстаннан елімізге заңсыз әкелінген көліктер барлығы қайтадан шығарылады. Бұл туралы Gazeta.kz хабарлады.
Алматы облыстық көлік прокуратурасы, кедендік бақылау департаменті мен облыстық жол полициясы инспекторлары рейд кезінде мемлекеттік нөмірмен жүрген Қырғыз елінен әкелінген автокөліктерді тексерген. Осы көліктерді азаматтардың көрші елден уақытша сенімхатпен әкелгені мәлім болды. Әрі олар кедендік салықты төлемеген және кейбір көліктерге жасанды құжат толтырылған. Жалпы, облыстық жол полициясы таратқан ақпаратта жол ережесін бұзғандардың 700-ден астамы Қырғыз елінен әкелінген автокөліктер екені жазылған. Құқық қорғау қызметкерлері осы келеңсіздікті алдағы уақытта болдырмау үшін көрші елден заңсыз әкелінген көліктерді елден шығаруға бекініп отыр.
Данияр Түймебай.