• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
06 Сәуір, 2010

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ РАЙЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУЛЕР

560 рет
көрсетілді

Иордания еліне жұмыс бабымен келген Қазақстан Республикасы Үкіметінің басшысы Кәрім Мәсімов сәуірдің 5-інде Амман қаласында Иор­дания Хашимит Корольдігінің Премьер-министрі Самир әл-Рифаи­мен кездесті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Кездесу кезінде Қазақстан мен Иордания арасындағы сауда-эко­но­микалық және инвестициялық ынты­мақтастықты одан әрі дамы­ту­дың кең ауқымды мәселелері талқыланды. Ауыл шаруашылығы саласында, атап айтқанда, астықты экспорттау және қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін Иор­данияға тасымалдау, сондай-ақ денсаулық сақтау және қорғаныс өнеркәсібі саласындағы өзара іс-қимылдың перспективалары қа­рал­ды. Осы жүздесу ауқымында екі елдің сыртқы істер министр­лік­тері арасында өзара түсіністік ту­ралы меморандумға қол қойылды. “Иордания Қазақстанмен өзара тиімді сауда-экономикалық және ин­вестициялық ынтымақтастықты ке­ңей­туге зор маңыз береді. Біз қазақ­стандық кәсіпкерлерге Иор­да­нияға өз қаржысын салуды ұсын­ғымыз келеді”, — деп атап өтті Самир әл-Рифаи. “Біздің елдеріміз арасындағы қаты­настарға көшбасшылар Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұл­тан Назарбаев пен Жоғары мәртебелі Король Абдалла ІІ арасындағы жылы шырайлы және достық рәуіштегі өзара түсіністік негіз қалап отыр. Бізде екі­жақ­ты қатынастарды, соның ішінде Қа­зақстан мен Иордания инвестиция­ларын ынталандыруға мүмкіндік бар”, — деп атап көрсетті К.Мәсімов. Кеше Қазақстан  Премьер-Ми­нис­трі Кәрім Мәсімов сондай-ақ Иор­да­ния Королі Абдалла ІІ-мен кездесті. Сұхбаттасушылар өт­кен екіжақты келіссөздердің қоры­тындыларын шы­ғар­ды. Кездесудің соңында тараптар Қазақстан-Иор­дания үкіметаралық комиссиясы екіжақты сауда-эконо­ми­калық бай­ланыстарды жандандыруда және ойдағыдай дамытуда маңыз­ды рөл атқаруы тиіс деп атап өтті.