• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
24 Қыркүйек, 2013

Коммунистер жаңа рәміздерін таныстырды (ФОТО)

290 рет
көрсетілді

Бүгін, 24 қыркүйек күні Астанада Қазақстан Коммунистік Халық партиясының жаңа рәміздерін таныстыру рәсімі өтті.

Қазақстан Коммунистік Халық партиясы үстіміздегі жылдың 1 маусымында VIII кезектен тыс съезд өткізіп, онда партияның нормативтік құқықтық құжаттарын, жаңа бағдарламасы мен жаңа жарғысын қабылдаған болатын. Сол өзгерістердің аясында, заман талабына сай ілгерілеу мақсатымен Коммунистік Халық партиясы рәміздерін жаңартуды жөн көрді. Таныстыру барысында Парламент Мәжілісінің депутаты, әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі, Коммунистік Халық партиясы Орталық Комитетінің хатшысы Жамбыл Ахметбеков жаңа рәміздердің мән-мағынасын түсіндіріп өтті.

«Жаңа рәмізде бейнеленген бесбұрышты жұлдыз – партияның ең нақты приоритеттерін белгілейді. Ол халық билігі, еңбек құқығы, әлеумет әділеттігі, саяси теңдік пен интернационалдылық», – деді ол.

«Қазақстан Коммунистік Халық партиясы» қоғамдық бірлестігі – коммунистік идеяны қолдайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының біріккен ерікті бірлестігі. Ол коммунистің идеяларды қорғаумен қатар, жұмысшы таптың, шаруалардың, интелегенцияның және барлық еңбек адамдарының мүдделерін қорғайды.

Қазақстан Коммунистік Халық партиясы 2004 жылдың 21 маусымында құрылды. Бүгінгі таңда партия құрамында 100 мыңға жуық адам бар. Олардың 22 мың 500-і жастар болып табылады. Бұл Коммунистік Халық партиясының идеясы жастар арасында да қолдау тауып отырғандығының айқын белгісі. Коммунистік Халық партиясы Орталық Комитетінің хатшысы Жамбыл Ахметбеков сөз соңында партияның рәміздері өзгергенімен оның идеологиясы өзгермейтінін алға тартты.

Айдар Өрісбаев.

 

Соңғы жаңалықтар