Премьер-Министр Серік Ахметовтің төрағалығымен селекторлық режімде өткен кешегі Үкімет отырысында 2013-2014 жылғы жылу беру маусымына дайындық мәселелері қаралды. Онда мемлекеттік органдар мен облыс әкімдерінің алдағы маусымға дайындығы туралы есептері тыңдалып, тиісті шаралар белгіленді.
Премьер-Министр Серік Ахметовтің төрағалығымен селекторлық режімде өткен кешегі Үкімет отырысында 2013-2014 жылғы жылу беру маусымына дайындық мәселелері қаралды. Онда мемлекеттік органдар мен облыс әкімдерінің алдағы маусымға дайындығы туралы есептері тыңдалып, тиісті шаралар белгіленді.
Жылу беру маусымына дайындық жұмыстары негізінен аяқталып қалды. Тіпті солтүстік өңірлердегі әлеуметтік нысандарға жылу беру басталып та кетті, деді С.Ахметов. Шараның маңыздылығына тоқтала келіп, Премьер-Министр сөз кезегін Индустрия және жаңа технологиялар министрінің орынбасары Б.Жақсалиевке берді. Министр орынбасарының сөзіне қарағанда, жылу беру маусымына дайындық жұмыстары ұйымшылдықпен, жоспарға сай жүріп жатыр. Дегенмен, күрмеуі қиын бірқатар мәселелер де бар екен. Оның көбі тозығы жеткен жылу қазандықтары мен жылу желілеріне байланысты көрінеді. Таяу күндері жылу беру маусымына дайындалу ісі нашар болған өңірлер бойынша Үкіметке арнайы ұсыныстар әзірленеді, деді Б.Жақсалиев. Сондай-ақ, биылғы жылы энергетикалық кәсіпорындар күзгі және қысқы маусымдық жұмыстарды жүргізу үшін арнайы төлқұжат алуға асықпаса болмайды. Өйткені, құжат қабылдау қазан айының бірінші күні аяқталады екен.
Әлеуметтік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық секторындағы нысандардың қыс айларына дайындық жұмыстары жөнінде Өңірлік даму министрінің орынбасары С.Нокин баяндама жасады. Оның айтуынша, өткен жылыту маусымының соңында коммуналдық қызметтер үшін тұтынушылардың дебиторлық берешегі 6,6 млрд. теңгені құраған. Қазіргі жағдай бойынша дебиторлық берешек 5,8 млрд. теңге болып отыр. Қыркүйек айының жиырма күнінде бұл көрсеткіш 675 млн. теңгеге азайды. Яғни 10 пайызға төмендеді. Бұл ретте атап айтатынымыз дебиторлық қарызды өндіріп алуда Астана қаласы – 276 млн, Қостанай облысы – 171 млн, Оңтүстік Қазақстан облысы – 86 млн, Ақмола облысы – 43 млн. және Батыс Қазақстан облысы 34 млн. теңге жинап, белсенді жұмыс жүргізу нәтижесінде қарыз көлемін біршама төмендеткен, деді С.Нокин. Жиын барысында үлгі алатын аймақ ретінде Павлодар облысы ғана аталды. Бұл өңірдің коммуналдық төлем үшін еш қарызы жоқ екен.
Жылу беру маусымына дайындық шаралары бойынша Мұнай және газ министрі Ұ.Қарабалин, Төтенше жағдайлар министрі В.Божко және Шығыс Қазақстан облысының әкімі Б.Сапарбаев, Қостанай облысының әкімі Н.Сәдуақасов, Ақмола облысының әкімі Қ.Айтмұхаметов, Жамбыл облысының әкімі Қ.Бозымбаев, Маңғыстау облысының әкімі А.Айдарбаев, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі А.Мырзахметов, Астана қаласы әкімінің орынбасары В.Крылов сөз сөйледі. Бәрін мұқият тыңдаған Премьер-Министр қыс маусымына дайындық жұмыстары Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей бақылауында тұрғанын еске салды. Сөйтіп, тиісті органдарға бірқатар міндеттер жүктеді. Әсіресе, Қаратау қаласына айрықша көңіл бөлді.
Биылғы жылы Қаратау халқынан ешқандай шағым түспегені ләзім. Өткен жылы қала тұрғындары күтпеген табиғат апатынан қатты зардап шекті. Қазіргі таңда Қаратау қаласының тыныс-тіршілігі Елбасының қатаң бақылауында. Сондықтан да бұл елді мекенді назарыңыздан тыс қалдырмаңыз, деді С.Ахметов Жамбыл облысының әкіміне.
Отырысты қорытындылаған Үкімет басшысы жалпы жылу беру маусымына дайындықтың жаман еместігіне тоқталып, алайда, қыстың ерте түсуі мүмкін екенін ескертті. Осыған орай, өңірлер басшыларына энергия көздерінің дайындығын қосымша тағы тексеруді тапсырды. Электр және жылу қуатын тасымалдау желілерінің, әлеуметтік-мәдени нысандар мен тұрғын үйлердің жағдайына және жылу беру маусымын белгіленген мерзімде ұйымдасқан түрде бастау бойынша тиісті шаралар қабылдауды жүктеді.
Оған қоса Өңірлік даму министрлігіне де тұрғын үйлердің жылу беру маусымына даярлығын қайта тексеру керектігін айтты. Апта соңына дейін 100 пайыз тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар бар жерлерді іріктеп отырып тексеруді, өңірлер мен қалалардағы жылу беруге дайындық жағдайын мұқият тексеруді тапсырамын, деді С.Ахметов.
Премьер-Министр, сондай-ақ, Индустрия және жаңа технологиялар, Төтенше жағдайлар министрліктеріне жөндеу жұмыстарының белгіле