Парламент Сенатының Қаржы және бюджет комитеті Батыс Қазақстан облысында көшпелі отырыс өткізіп, Біртұтас экономикалық кеңістік және Кеден одағы жағдайында бизнес жүргізу мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың және бизнес құрылымдардың өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.
Парламент Сенатының Қаржы және бюджет комитеті Батыс Қазақстан облысында көшпелі отырыс өткізіп, Біртұтас экономикалық кеңістік және Кеден одағы жағдайында бизнес жүргізу мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың және бизнес құрылымдардың өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.
Шараға Сенат депутаттары, мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың және бизнес құрылымдардың өкілдері қатысты.
Кездесуді аша келіп Батыс Қазақстан облысының әкімі Н.Ноғаев құттықтау сөз сөйледі. Сенаттың салалық комитетінің төрағасы Рашит Ахметов талқыланып отырған мәселе Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» Стратегиясы» Жолдауындағы экономиканы жаңғырту міндеттері аясында маңызды екенін атап өтті.
Сенатор атап өткендей, «Қазіргі кезде қатысушы мемлекеттер экономикасының тұрақты және тиімді дамуын және халықтың өмір сүру деңгейін арттыруды мақсат ететін, сондай-ақ қатысушы мемлекеттер шекаралары арқылы жүретін тауарлардың, қызмет көрсетулердің, капитал мен жұмыс күштерінің еркіндігін қамтамасыз ету болып табылатын біртұтас экономикалық кеңістік қалыптасуда».
Біртұтас экономикалық кеңістік және Кеден одағы жағдайында бизнес жүргізу мәселелеріне қатысты Р.Ахметов оны заңнамалық тұрғыда қолдау мәселелеріне назар аударды.
«Батыс Қазақстан облысы Ресей Федерациясының 5 облысымен: Самара, Орынбор, Саратов, Волгоград және Астрахань облыстарымен шектеседі. Осыған байланысты кездесу барысында Қоғамдастыққа қатысушы елдердің өзара тауар айналымын қамтамасыз ету басты назарға алынуы тиіс», деді сенатор.
Отырыста Экономика және бюджеттік жоспарлау комитетінің өкілі У.Байқадамова, «Атамекен» Одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Р.Ошақбаев, Қаржы министрлігі Салық және кеден заңнамасын үйлестіру, кірістерді талдау және болжау департаментінің директоры В.Әмірханұлы, Қаржы министрлігі Салық комитеті басқармасының бастығы М.Бұлғынов және басқалар сөз сөйлеп, депутаттар қойған сауалдарға жауап берді.
Дөңгелек үстелді қорытындылай келіп, Р.Ахметов заңнамаларды одан әрі жетілдіру жөніндегі нақты мәселелер бойынша айтылған ұсыныстарға назар аударды.
Көшпелі отырыс аясында депутаттар «Стекло-Сервис» ЖШС және «Уральскагрореммаш» АҚ жұмыстарымен танысып, жергілікті кәсіпорындарда болды.