• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Мамыр, 2020

Жарқайыңдағы заманауи хирургия: жіксіз ота

378 рет
көрсетілді

Эндовидеохирургияны медицинаның болашағы деп атайды. Шалғайдағы Жарқайың ауданында бұл әдіс үш жылдан бері сәтті қолданылып келеді.  Әрі бұл облыс бойынша лапароскопия қолданатын жалғыз аудан.

Көкшетауда  лапароскопиялық оталар бұрыннан жасалады. Атбасар ауданы қазір бұл әдісті енді-енді меңгеруде. Ал ақкөлдіктер ота жасауға қажетті медициналық құрылғыларды таяуда ғана сатып алыпты. Ал Жарқайың ауданы біршама тәжірибе жинақтап үлгерген. Аудандық орталық аурухана қажетті құрал-жабдықтармен 84 процентке қамтамасыз етілген. Өкінішке қарай, дәрігерлер 66 процент қана. Ауданда дәрігерлердің жетіспеушілігі соңғы жылдары қатты сезілуде. Нақтырақ айтқанда, 22 маман, оның ішінде 13 дәрігер жетіспейді.

– Қазіргі уақытта біз бірнеше зерттеу түрін жүргізудеміз. Атап айтқанда, рентгенографиялық, флюрографиялық, маммографиялық және  ультрадыбыстық зерттеулер. Лапароскопиялық тіреуді қолдана отырып отаның әр түрін жасаймыз, – дейді Жарқайың аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің міндетін атқарушы Инна Руселик.

Эндовидеохирургия – заманауи хирургия бағыттарының бірі. Дәстүрлі техникамен салыстырғанда оның артықшылықтары көп. Соның арқасында бұл әдіс кеңінен белең алып келеді.

Бұл лапароскопиялық әдістің тағы бірнеше артықшылығы бар. Биыл аудан хирургтары 69 ота  жасап, оның  43-іне заманауи әдіс қолданылды.

– Бұл операцияның артықшылығы отадан кейін науқас жылдам жазылады. Келесі күні ол орнынан тұра алады. 2,3 тәулік өткен соң  науқасты ауруханадан шығарамыз. Ауру жұқтыру, асқыну қаупі аз. Егер отаны іш қуысына 4 жыл бұрынғыдай дәстүрлі әдіспен жасасақ, науқас тек 3-6 айдан кейін ғана қалпына келер еді, – дейді Жарқайың аудандық орталық ауруханасы хирургия бөлімшесінің жетекшісі Махамбет Досмұратов.

 

Ақмола облысы