• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Мамыр, 2020

Маңғыстау: еріктілер Түркістанға 5 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жинады

148 рет
көрсетілді

Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте МО жастар ресурстық орталығының басшысы Абылай Фазылбек мәлімдеді.

Түркістан облысында орын алған төтенше жағдайдың алғашқы күнінде Маңғыстау облысындағы барлық жастар ресурстық орталықтары базасында гуманитарлық жүк жинау штабы құрылды. Нәтижесінде өңірдегі волонтерлар корпусының көмегімен 5 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жиналды. Оның 2 тоннасы облыстық штабта, 3 тонна аудандық штабта жиналды.

Сонымен бірге, өңіріміздің ірі сауда орындарының алдынан жүк көлік жүргізушілерінің бастамасымен, кәсіпкерлердің көмегімен жинау пунктері жұмыс істеді. Нәтижесінде ел азаматтары мен қала тұрғындарының көмегімен 77,5 тонна гуманитарлық жүк жиналды. Аталған гуманитарлық жүкті сұрыптау жұмысына облыстық волонтерлар корпусының волонтерлары жұмылдырылды.

Сонымен қатар, волонтерлар корпусының бастамасымен облыс тұрғындарын игі іске жұмылдыру мақсатында әлеуметтік желіде ақпараттық жұмыс жүргізілді. Инфографикалар жасақталып, онлайн төлем жасау жолдары түсіндірілді.

-«Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып», осындай төтенше уақыт кезінде ауызбіршілік танытып, қолдау білдірген барша облыс тұрғындарына, жүк көлік жүргізушілеріне, кәсіпкерлерге, жастар мен волонтерларға өз алғысымызды білдіреміз, - дейді МО жастар ресурстық орталығының басшысы Абылай Фазылбек.

 

 

Маңғыстау облысы