• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Мамыр, 2020

Маңғыстау: ТЖ кезінде 5 мыңнан астам рейд жүргізілді

394 рет
көрсетілді

Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте МО төтенше жағдай департаменті басшысының орынбасары Бекболат Әбдіқадыров мәлімдеді.

Маңғыстау облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің (07.05.20г. № 18-ПГСВ, 12.05.20г. №20-ПГСВ) Қаулыларына негізінде, елдегі төтенше жағдай режимі жойылғанына қарамастан, карантин және шектеу шаралары режимі 2020 жылғы 25 мамырдағы сағат 07.00-ге дейін ұзартылды, ал 12-25 мамыр аралығында Маңғыстау ауданының Шетпе және Шайыр ауылдары, Қарақия ауданының Сенек, Бостан және Құланды ауылдары, Бейнеу ауданының Боранкөл және Бейнеу ауылдары, сондай-ақ Жаңаөзен қаласының Қызылсай, Рахат және Теңге ауылдары үшін жеке шаралар енгізілді.

Осыған орай, Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындар арасында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша белсенді және кең ауқымды үгіт-профилактикалық жұмыстарын жалғастыруда.

ТЖ режимін енгізу басталғаннан бастап (16 наурыздан бастап) облыстың қалалары мен аудандарында күн сайын өткізілетін алдын алу іс-шараларына Департаменттің 1 000 (1248) астам қызметкері, 500 (505) рет дауыс зорайтқыш қондырғылары бар автомобиль тартылды.

Барлық қызметкерлермен 51 елді мекенде, адам жиналуы мүмкін объектілерге 5 000 (5831) астам рейдтер, сондай-ақ денсаулық сақтау объектілерінде қызмет көрсетуші персоналмен және медицина қызметкерлерімен 200 (226) рет нұсқаулар жүргізді.

Ақтау қаласында күніне төрт рет құлақтандыру жүйесі бойынша халықты хабардар ету жүргізілді. «АLMA TV» 15 телевизиялық арнасы тәулігіне 3 рет (сағат 08.00, 18.00, 22.00) тоқтатылып, онда карантин кезінде азаматтардың өзін-өзі ұстау ережелері көрсетіледі, осыған ұқсас жарықтандыру басқа да БАҚ-та (ТВ–59 рет, радио бойынша-614 рет, баспа басылымдарында–23, интернет-ресурстарда-880 рет) жүргізілді.

Жаңаөзен қаласының қызметкерлері 28 сәуірден бастап және Бейнеу ауданының қызметкерлері 7 мамырынан бастап Қарақия ауданының Сенек ауылында (2 нысан) және Бейнеу кентінде (4 нысан) орналасқан 6 карантиндік нысанда тәулік бойы күзет іс-шараларын жүзеге асыру үшін полиция органдарына берілгенін атап өткен жөн. Тәулік сайын күзет үшін жеке құрамнан 9 адам тартылады, бұған дейін жеке құрамнан 35 адам тартылды, 4 есеге азайғаны байқалады.

Сондай-ақ карантиндік объектілер қысқарды, атап айтқанда бүгінгі күні 41 нысан бақылауда тұр, олар 3 сәуірден бастап 60-тан (63) асқан болған, ол кезде Маңғыстау ауданының қызметкерлер күзет іс-шараларын жүзеге асырған, ал бүгінге орай олардың саны азайғаны байқалады. КВИ-дан тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғасуда және аймақтағы жағдайды толық реттеп, тұрақтандыруға дейін жалғасуда.

 

Маңғыстау облысы