2013 жылы республикалық «Рационализатор.KZ» байқауына барлығы 130 өтініш келіп түсті. Бұл былтырғы жылғы көрсеткіштен 26 пайызға көп (103 өтініш).
2013 жылы республикалық «Рационализатор.KZ» байқауына барлығы 130 өтініш келіп түсті. Бұл былтырғы жылғы көрсеткіштен 26 пайызға көп (103 өтініш).
Естеріңізге сала кетейік, «Рационализатор.KZ» байқауы жекелеген рационализаторларды, сондай-ақ рационализаторлық қозғалысты енгізуші кәсіпорындарды анықтау мен қолдауды мақсат тұтады. Байқаудың телевизиялық нұсқасы «Жылдың үздік рационализаторлық шешімі», «Рационализаторлықты қолдаудың үздік жүйесі» номинациясы бойынша жеңімпаздардың еңбегінен құрылған.
Байқауға биыл еліміздің барлық өңірінен өтініштер келіп түсті. Келіп түскен өтініштердің басым бөлігі Астаналық рационализатордың үлесіне тиесілі – барлығы 31 өтініш. Екінші орында ОҚО – 23 өтініш және Қарағанды облысы – 16 өтініш, Павлодар облысы – 11 өтініш, Алматы облысы – 10 өтініш.
«Жылдың үздік рационализаторлық шешімі» номинациясына келіп түскен өтініштердің 34%-ы машина жасау, 17%-ы металлургия, 14%-ы энергетика, 13%-ы мұнайхимиясы, 11%-ы ауыл шаруашылығы саласына тиесілі.
Барлық өтініштердің 5%-ы тау-кен өндірісі, 2%-ы денсаулық сақтау және өндіріс, тек 1%-ы телекоммуникация және ядролық технология саласына тиесілі.
«Рационализаторлықты қолдаудың үздік жүйесі» номинациясы бойынша өтініштердің басым бөлігі мұнай химиясы саласынан келіп түсті. Барлығы – 22%. Одан кейінгі орындарда ауыл шаруашылығы және машина жасау салаларына қатысты – 11%.
Байқауды өткізудің шарттарына сәйкес, келіп түскен барлық өтініштер арасынан 10 үздік жоба таңдалып алынады. Жоба авторлары Қазақстан ұлттық арнасынан жарық көретін «Рационализатор.KZ» тележобасының кейіпкеріне айналады. Бағдарламада рационализаторлар өзінің рационализаторлық шешімі жайында әңгіме қозғап, өндіріске енгізілген шешімнің тиімділігін көрермендерге көк жәшік арқылы дәлелдеуге мүмкіндік алады. Байқаудың қос номинациясы бойынша жеңімпаздардың есімі қазан айының 18 жұлдызында жария етіледі.
2013 жылғы жалпы жүлде қоры: 1 орын – 2,5 млн.теңге, 2 орын – 1,5 млн.теңге және 3 орын – 1 млн.теңге. Байқаудың жалпы жүлде қоры 5 (бес) миллион теңге.
«Егемен-ақпарат».