Елімізде карантин енгізілгеннен кейін елордалық iKomek орталығына 1 млн-нан астам өтініш келіп түскен. Елордалықтарды көбіне коронавирусқа, Денсаулық сақтау жүйесі мен қоғамдық көлік жұмысына қатысты мәселелер толғандырды.
"Карантин кезеңінде 2020 жылдың 16 наурызы мен 24 қыркүйегі аралығында iKOMEK орталығына 1 073 094 өтініш келіп түсті, оның ішінде: кеңес алу үшін - 902 171, алғыс білдіргендер – 2 159, ұсыныстар – 2 626. Өтініштердің ең көп саны коронавирусқа қатысты – 334 672 (31,19%), Денсаулық сақтау бойынша – 231 979 (21,62%), қоғамдық көлік жұмысы мәселелері бойынша – 145 873 (13,59%), қаланы электрмен жабдықтау жөнінде – 52 956 (4,93%), бірыңғай төлем құжаты бойынша– 38 858 (3,62%) өтініш тіркелген", - делінген "iKomek"орталығының статистикалық хабарламасында.
Қоғамдағы мәселелер бойынша өтініштердің 71,3%-ы коммуналдық қызметтер мен қалалық басқармалардың барлық колл-орталықтарына 109 қысқа нөмірмен біріктіретін iKOMEK109 бірыңғай байланыс орталығы арқылы келіп түседі. Бұл сервис 24/7 режимде халықпен байланысатын оңтайлы құрал. Оның көмегімен тұрғындар сұрақтарының 85,3%-ы бірінші қоңыраудан кейін шешіледі, қалғандары жеті күн ішінде пысықталады.
"Күн сайын бізге 7 000-нан 29 000-ға дейін өтініш түседі. Олардың көп бөлігі қайталанады. Жұмыстың 99% -ы өңделеді. Күн сайын коммуналдық кәсіпорындар мен әкімдік басқармаларының жұмысында 6 000-ға жуық өтініш бар. Бұл ретте 1 800-ден астам қызмет бойынша оператор бірінші қоңыраудан бастап 16 секунд ішінде жауап бере алады. Егер өтініш әлеуметтік желілерде түссе, онда реакция 10 минут ішінде беріледі. Мәселені қарауға және жауап беруге жеті күнге дейін уақыт кетеді", - деп нақтылады орталықта.ББО қызметіне әртүрлі тәсілдермен жүгінуге болады. Бүгінде өтініштерді берудің тоғыз арнасы жұмыс істейді:
1) Ұялы және қалалық телефондар арқылы тегін 109 нөмірі арқылы;
2) Telegram-бот: https://t.me/nursultanikomek109_bot;
3) қала әкімдігінің сайты astana.gov.kz;
4) "iKOMEK109" мобильді қосымшасы (PlayMarket https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.techman.ikomek&pcampaignid=MKT-Other-global-all-co-prtnr-py-PartBadge-Mar2515-1 немесе Apple store https://itunes.apple.com/us/app/ikomek-109/id1447878430?mt=8);
5) "Smart Astana" мобильді қосымшасы (PlayMarket / AppStore);
6) Сайт https://aitu.city/;
7) Электронды мекенжай арқылы: 109@ikomekastana.kz;
8) Instagram: @ikomek109;
9) Facebook: https://www.facebook.com/ikomek109.
Айта кету керек, iKOMEK109 мобильді қосымшасы жылына 50 млн теңге бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік берді. Бұл қала басшылығының инциденттер туралы СМС-хабарламалардан бас тартып, осы сервис арқылы пуш-хабарламаларға ауысуының арқасындағы нәтиже.
Сондай-ақ iKomek орталығында мониторингтің Ахуалдық орталығы жұмыс істейді, онда 16 530 бейнебақылау камерасы бар. Олардың көмегімен елорда көшелеріндегі және халық көп жиналатын орындардағы жағдай қадағаланады.
Сонымен қатар, барлық ақпарат "iKOMEK" талдау орталығына жіберіледі. Бұл бөлімде қаланың ең өзекті және жүйелі мәселелерін көруге мүмкіндік беретін мәліметтер базасы құрылады. Осының арқасында әртүрлі оқиғалардың түпкі себептері анықталады. Бұл жүйелі және қайталанатын мәселелерді шешудің ең сенімді шешімдерін қабылдауға мүмкіндік береді.