Кеше кешкі сағат 21:20-да Алтай ауданындағы Жаңа Бұқтырма ауылы жанындағы «Яры» демалыс базасында өрт шыққан болатын. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрттің сағат 22:27-де сөндірілгенін, аумағы 350 шаршы метрді құрайтын 4 үй мен монша жанып кеткенін хабарлады. Сонымен қатар 250 шаршы метр көлеміндегі бұта мен шөп қызыл жалынға оранған.
Қазір өрттің шығу себебі анықталуда.
Шығыс Қазақстан облысы