• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Мамыр, 2020

Атырау: Туды құрметтемеген жүргізуші айыппұл төлейді (видео)

1929 рет
көрсетілді

Еріккен адам не істемейді? Атырауда ел ерекше қадірлейтін мемлекеттік Туды көлігінің капотына жауып, жол ережесін бұзатын жүргізуші бар.

Мәселен, 21 жастағы жүргізуші дәл осылай ерсі қылық көрсетті. Ол «Mercedes Benz» көлігінің капотына Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туын жауып алып, бірнеше рет айналу маневрін жасапты. Сөйтіп, жол ережесін бұзды. Жол жабындысын ластады.

– Полиция қызметкерлерімен 18 мамырда  кешкі сағат 20:30 шамасында  «Mitsubishi L300» және «Mercedes Benz»  көліктерінің   жүргізушілеріне жол қауіпсіздігін сақтамағаны үшін ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 595-бабының 1-бөлімімен, 630-баптың 1-бөлімімен хаттамалар толтырылды. Бұған қоса «Mercedes Benz»  көлігінің  жүргізушісіне   ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 458-бабының 1-бөлімімен  (ҚР Мемлекеттік Туын пайдалану және тәртібін бұзғаны үшін) 138 900 теңге айыппұл салынды, деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.