• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
27 Қыркүйек, 2013

«Аль-Шабаб» ұйымының террористері Кенияға тағы шабуыл жасады

243 рет
көрсетілді

Найробидегі сауда орталығына шабуыл жасаған «Аль-Шабаб» ұйымының содырлары Кения аумағына тағы шабуыл жасады. Бұл туралы «vesti.ru» хабарлады.  

Содырлар бұл жолы Сомалимен шекаралас жатқан екі қалаға басып кірді. Әзірге үш адамның қаза болғаны жөнінде дерек бар. Лаңкестер Сомалиден Кения әскерінің шығарылуын талап етуде. Олар талаптары орындалмаған жағдайда шабуылдарын жалғастыра беретінін ескертті.

Кеше Интерпол Найробидегі шабуылға байланысты британиялық Саманта Лютвэйтті қамауға алу жөнінде шешімге келді. Қазір арнайы қызмет өкілдері Саманта Лютвэйттің қандай жолмен «Аль-Шабаб» ұйымымен байланыс орнатқанын анықтау үстінде.

Айдар Өрісбаев.

Соңғы жаңалықтар