Ауғанстандағы «Талибан» қозғалысына қару-жарақ сатпақ болған АҚШ азаматы Алвар Пуриян 25 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.
Алвар Пуриян өзінің серігі Одед Орбакпен бірге 2011 жылдың ақпанында Румынияда тұтқындалған болатын. АҚШ-тың арнайы қызметі анықтағандай, Алвар Пуриян мен Одед Орбак «Талибан» қозғалысының мүшелері болған.
АҚШ прокуратурасының айтуынша, Пуриян мен Орбак өздерінің сатпақ болған қару-жарақтарымен АҚШ әскеріне соққы жасалатынын білген.
Бұлардың «Талибан» қозғалысымен жасасқан келісімдерінің құны 25 млн. долларға бағаланған. Пуриян мен Орбак өздерінің делдалдық қызметтері үшін 800 мың доллар алатын болған.
Ал Одед Орбактың ісіне алдағы 1 қарашада нүкте қойылмақ.
Жолдыбай Базар.