• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
27 Қыркүйек, 2013

АҚШ-та қыз зорлаған мұғалім 1 айға ғана сотталды

330 рет
көрсетілді

АҚШ-тың Монтана штатынының тұрғыны, бұрынғы мұғалім Стейси Дин Рэмбольд өзінің оқушысы, 14 жасар Черис Моралесті зорлағаны үшін 1 айға ғана бас бостандығынан айырылған. Бұл туралы РИА «Новости» агенттігі хабарлады.

Қылмысына қарап айтқанда өте қысқа мерзімге сотталған Стейси Дин Рэмбольд тіпті, өзіне кесілген жазасын өтеп те қойды. Ол өткен бейсенбіде бостандыққа шықты.

Рэмбольд өзінің оқушысы Черис Моралесті зорлағанын толық мойындаған. Ал зорланған қыз 17 жасқа толар шағында өзіне-өзі қол салып қайтыс болған.

Аталған қылмыстық іске қатысты үкім шығарған сот Тодд Баф: «Черис Моралес зорланған кезде құжатта көрсетілген жасынан үлкен болған» деп түсініктеме берген. Алайда, Тодд Баф кейіннен өзінің өрескел қателік жібергені үшін кешірім сұраған. Енді қылмыстық іс қайта қаралмақ.

Ал АҚШ-тың белсенді құқық қорғаушылары бұра тартқан Бафты жазаға тарту керектігін айтып сотқа шағым түсірген. Бұл шағымға 140 мың адам қол қойған.

«Сот қателік жіберді. Қыз зорлағаны үшін қылмыскерді 31 күнге ғана түрмеде отырғызу әділетсіз. Монтананың жоғарғы соты істі әділ шешеді деп күтемін», - деді қайтыс болған қыздың шешесі Олия Ханлон.

Жолдыбай Базар.

 

Соңғы жаңалықтар