• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
27 Қыркүйек, 2013

Астанада Атырау облысының әкімі баспасөз мәслихатын өткізді

290 рет
көрсетілді

Бүгін, «Қазмедиа» орталығында Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов баспасөз мәслихатын өткізді. Бұл туралы Bnews.kz хабарлады.

Баспасөз мәслихатында облыс басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысына кеңінен тоқталды. «Облысымыз әлемнің 50 елімен ынтымақтастық орнатты. Бүгінде өңірде 400-дей шетел компаниялары жұмыс істейді. Биыл біз соның 25-іне кезектен тыс тексеру жүргіздік. Оның нәтижесі бойынша шетел еңбеккерлері мен өзіміздің мамандар арасындағы жалақы алшақтығы анықталды. Қазіргі кезде орын алған бұл олқылық түзетілді», деді ол.

Басқа аймақтар секілді Атырау облысында да соңғы үш жыл ішінде 8 медициналық нысан бой көтерген. Ал апатты жағдайда тұрған 11 мектептің орнына 5 мектептің құрылысын салу мәселесі шешімін тапты. Алдағы уақытта жергілікті билік қалған білім ошағын салу мәселесін реттейтін болады.«Облыста қамқорлықты қажет ететін балаларды асырап алушы отбасы саны артты. Соның негізінде бір балалар үйін жаптық, тағы біреуіндегі балалардың саны азайды. Бұл айта кетерліктей өте жақсы жағдай. Екінші жағынан, адамдардың тұрмыс жағдайының жақсарғанын көрсетеді», - деді сөз орайында облыс әкімі.

Аймақ басшысының мәлімдеуінше, 9 ай қорытындысы бойынша «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасына бөлінген қаражат толық игерілген және жыл соңына дейін 22 үй пайдалануға беріледі. Мұнан өзге үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде құны 1,4 трлн. теңге болатын 34 жоба іске асырылуда. Оның аясында 4,5 мыңнан аса жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Биыл пайдалануға берілген арматура шығару зауыты құрылысқа қажетті материалды шығарса, алда іске қосылатын газ-химия зауыты мен көмірсутекті өндіру кешені елімізге қажетті өнімдерді дайындауды қолға алады.

Әмірхан Алмағанбетов.

Соңғы жаңалықтар