• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
27 Қыркүйек, 2013

Жаңа саяси доктрина - нұрлы болашаққа қадам

346 рет
көрсетілді

Бүгін, 27 қыркүйек күні «Нұр Отан» ХДП Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының үлкен мәжіліс залында облыстық филиалдың кезектен тыс ХХІ конференциясы өтті. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Конференцияда «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру аясында «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының жаңа міндеттері қаралып, партияның «Нұр Отан». Нұрлы болашақ жолында» жаңа саяси Доктринасы жобасы талқыланды және партияның кезектен тыс ХV съезіне делегаттар сайланды.

Мәжілісте алғаш болып сөз алған облыс әкімі, партияның облыстық филиалының төрағасы Асқар Мырзахметов жаңа доктринаның маңыздылығы мен қажеттілігін айта отырып, доктринада мемлекетіміздің дамуын айқындайтын негізгі бағыттар көрсетілгендігіне айрықша тоқталды. Ұлтаралық достық пен өзара сыйластық мемлекет дамуының басты бағыты екенін атап өткен өңір басшысы облысымыздың өзінде түрлі ұлт өкілдері бас қосып, тізе түйістіріп ынтымақты тірлік етіп жатқандығын айрықша атады. Ұлтаралық татулықты нығайту бағытында нәтижелі жұмыстың арқасында «Ырыс алды - ынтымақ» форумы тұрақты түрде өткізіліп жатқандығын, өңірімізде 20-дан астам этномәдени бірлестіктер ашылғандығын тілге тиек етті.

Облыс басшысы сонымен қатар әлеуметтік-экономикалық бағытта да жетістіктеріміз бар екендігіне де тоқталып, әр аудан, әр елді мекендердің әлеуметтік картасы әзірленгендігін баяндады.

«Осы жұмыстардың барлығы Елбасымыз жүргізіп отырған саясаттың арқасы, жаңа доктринаға сай келетін істер», - деді А.Мырзахметов.

Конференцияда сондай-ақ Парламент Мәжілісінің депутаты Ұ.Сәдібеков, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Оңтүстік Қазақстан облыстық департаментінің басшысы Б.Бекжанов, «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Ж.Қалтаев күн тәртібіндегі мәселелер бойынша өз ойларын ортаға салды.

Жұмыс регламентіне сәйкес конференция қатысушылары партияның кезектен тыс ХV съезіне делегаттар сайлады. Көпшіліктің қолдауымен Астанада өтетін съезге облысымыздан баратын 101 адам сайланды. Оңтүстік делегаттарын облыс әкімі А.Мырзахметов бастап барады деп шешілді. Сайланған делегаттардың ішінде мәслихат депутаттары, қоғам қайраткерлері, бизнес өкілдері мен белгілі спортшылар бар.

Сәкен Майлыбай.

Соңғы жаңалықтар