Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алдағы отырысы онлайн форматта өтеді, оған түрлі өңірлердің қосылуы қарастырылған. Бұл туралы Президент кеңесшісі Ерлан Қарин Telegram парақшасында жазды.
«Ұлттық Кеңес мүшелерінің ұсынысы бойынша алдағы отырыстың күн тәртібі адами капиталды дамытуға, атап айтқанда білім беру саласын дамыту мәселелеріне арналған. Ақпан айынан бастап Ұлттық кеңес мүшелері елдегі білім беру жүйесін дамыту бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды пысықтауда, олар алдағы отырыс барысында қаралатын болады», деп жазды Ерлан Қарин.